Веб-сайтқа қолжетімділік шектеулі

Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.

Адам BMW iX3 автокөлігінің жарықтандырылған есік тұтқасын ашады

Автоматты түрде шығатын есік тұтқалары.

BMW iX3 көлігінің шанағымен бір бетте орналасқан көзге түспейтін есік тұтқалары. BMW Digital Key Plus орнатылған смартфоны немесе смарт сағаты бар иесі автокөлігіне жақындаған кезде автоматты тану орын алады. Цифрлік кілт иесі автокөліктен шамамен екі метр қашықтықта болғанда, есік тұтқалары автоматты түрде шығып, қараңғы кезде жарықтандырылады.

Әрқашан шытырман оқиғаға дайын, тіпті егер сіз өзіңізбен бірге ең қажеттіден көбірек алып жүрсеңіз де.

Автокөліктің төбесінде опция ретінде қолжетімді жүк салғышты орнату үшін арналған бекіту нүктелері бар. Бөлек сатып алынатын төбедегі бокс немесе BMW-ның қосымша аксессуарлары одан да көп жүкті орналастыруға мүмкіндік береді.

BMW iX3 төбесіндегі жүк салғышқа арналған бекіткішімен таулы көрініс аясындағы автотұрақта тұр

Қарапайымдылық күші.

Интеллектуалды зарядтау ағытпасының қақпағы автокөлікті зарядтау үдерісін жеңілдетеді. BMW iX3 автокөлікті зарядтау ниетіңізді танығаннан кейіноны автоматты түрде ашады. Зарядтау кезінде қақпақ сәл жабылып, ағытпаны ауа-райының әсерінен қорғайды. Зарядтау ағытпасын алып тастағаннан кейін қақпақ автоматты түрде жабылады.