BMW 320i xDrive[1]: WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 7.6–6.8; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 171–153
[1] Алдын ала көрсеткіштер; келтірілмеген деректер жариялау сәтінде қолжетімсіз болды.
КӨЛІК ЖҮРГІЗУ РАХАТЫ.
Жаңа BMW 3 сериялы седанда көлік жүргізуден алатын динамикалық сезімдер заманауи интерьермен үйлесім тапқан. Инновациялық технологиялар мен жүргізушіге көмек көрсететін интеллектуалды жүйелер әр сапарды ұмытылмас етеді. BMW 3 сериялы седан экстерьері спорттық дизайнымен және талғампаздығымен ерекшеленеді. Жаңартылған салон толық жайлылық пен интуитивті түсінікті басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа BMW 3 сериялы седанның барлық нұсқаларымен, оны жабдықтау нұсқаларымен және техникалық сипаттамаларымен, сондай-ақ лизингке және кредитке алудың түрлі мүмкіндіктерімен танысыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
НҰСҚАЛАРЫ.
- Модельдері
- Бензин
BMW 320i xDrive | |
---|---|
Қуаты[1] | 135 кВт (184 а.к.) |
Айналу сәті[1] | 300 Нм |
0–100 км/ч[1] | 7.7 с |
Макс. жылдамдық[1] | 230 км/сағ |
BMW 320i xDrive[1]: WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 7.6–6.8; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 171–153
[1] Алдын ала көрсеткіштер; келтірілмеген деректер жариялау сәтінде қолжетімсіз болды.
ЖАҢА BMW 3 СЕРИЯЛЫ КӨЛІГІҢІЗ.
ДИЗАЙН
ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ
ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ.
ЖҮЙЕЛЕР
КӨЛІК ЖҮРГІЗУ РАҚАТЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖЕЛІЛІК ИНТЕГРАЦИЯ.
АҚЫЛДЫ КӨМЕКШІҢІЗ.
ЖҮРІС ДИНАМИКАСЫ
ЖҮРІС ДИНАМИКАСЫ МЕН ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮЙЛЕСІМІ.
КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР
ЖАҢА BMW 3 СЕРИЯЛЫ СЕДАНҒА АРНАЛҒАН PROACTIVE CARE.
Сервис – дәл Сізге қажет болған уақытта.
Әрдайым бір қадам алда. Техникалық қызмет көрсету мерзімінің басталуы немесе шиналардың тозуы орын алсын, Сізге уақтылы хабарласамыз. My BMW қосымшасында хабарлама жіберу арқылы сервиске келу мерзімін өзіңіз таңдайсыз. Содан кейін Сіз көңіліңіз жайланып, сапарыңызды жалғастыра аласыз.
ЖАҢА BMW 3 СЕРИЯЛЫ СЕДАН ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР.
Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
BMW 320i xDrive[1]: WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 7.6–6.8; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 152 - 148
[1] Алдын ала көрсеткіштер; келтірілмеген деректер жариялау сәтінде қолжетімсіз болды.
Бензин қозғалтқыштардың көрсетілген сипаттамалары октан саны 98 болатын бензинмен жүретін автокөліктерге қатысты. Отын шығыны бойынша деректер ЕО 715/2007 регламентіне сай эталон отынды пайдаланатын автокөліктерге қатысты. Сондай-ақ этанолдың максималды мөлшері 10% (E10) болатын 91 және одан жоғары октанды этилденбеген бензинді қолдануға болады. BMW октан саны 95 болатын жанармайды қолдануды ұсынады. Жоғары өнімділікті қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін BMW октан саны 98 болатын жанармайды қолдануды ұсынады.
Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр тұтыну және электр тарту күшіндегі жүріс қоры туралы деректер Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы редакциясында айқындалған өлшеу процестеріне сәйкес алынды. WLTP циклі үшін анықталған және диапазондар түрінде көрсетілген деректерде қолжетімді (бұл жағдайда Германия нарығында ұсынылатын) қосымша жабдық ескеріледі. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап типі бойынша жаңа мақұлдау алған автокөліктер үшін WLTP цикліне сәйкес ресми деректер ғана бар. Бұған қоса ЕО 2022/195 қаулысына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап NEDC мәндері сәйкестік сертификатынан алынып тасталады. NEDC және WLTP циклдері үшін өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпарат www.bmw.de/wltp сайтында берілген
Жаңа жеңіл автокөліктердің отын шығыны және CO2 шығарындылары деңгейі туралы ресми деректер туралы толығырақ ақпарат барлық дилерлік орталықтарда, сондай-ақ Deutsche Automobil Treuhand GmbH (DAT), мекенжайы: Hellmuth-Hirth-Str. 1, 73760 Ostfildern-Scharnhausen, Germany, компаниясынан тегін алуға болатын «Жеңіл автокөліктердің барлық жаңа модельдерінің отын үнемдеуі, CO2 шығарындылары және энергия тұтынуы бойынша нұсқаулықта» жәнеhttps://www.dat.de/co2/ сайтында жазылған.