- 153 (208) кВт (л. с.)
- 0–100 in 8,1 сек
BMW 520i.
BMW 520i: WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 6.4–5.7; аралас циклдегі CO2 шығарындылары (WLTP), г/км: 144–130
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БУЫНЫ.
BMW 5 сериясы – бұл динамикалық және спорттық жол жүру сипаттамаларының бетке ұстар бейнесі. Мейлі іскерлік седан, SUV немесе әмбебап шанақ болсын. Сыртынан әдемі. Ішінен сән-салтанатты. Ол әлдеқайда жоғары қауіпсіздік пен жайлылық деңгейімен сізді қамтамасыз етіп, ең үздік технологиялармен жабдықталды. Айрықша динамикалық және спорттық жол жүру сипаттамаларына ие. Дәл бапталған аспасы мен қуатты қозғалтқыштары бар.
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ.
BMW 5 сериясы Neue Klasse тұжырымдамасын жалғастырды. Ол премиум сегментіне тән технологиялық инновацияларды, қуатты қозғалтқыштарды және жайлы опцияларды өз бойына жинады.
Радиатордың қосарлы торы және шанақтың артқы бағанындағы Хофмайстер доғасы сияқты аңызға айналған элементтер жарты ғасырдан астам уақыт бойы оның қолтаңбасы болып табылады. Сонымен бірге BMW 5 сериясы қазіргі көзіміз үйренген модельдік қатардың атаулар жүйесі ұсынылған алғашқы автокөлік болды. Алғашқы символ сериясын көрсетеді. Қалған екі символ қозғалтқыш туралы ақпаратты қамтиды. BMW 5 сериясынан бастап барлық кейінгі модельдерге осы әдіске сәйкес атау беріліп отыр. BMW 5 сериясы өзінің пайда болған сәтінен бастап сегменттің пионері болды және әлі күнге дейін бүкіл әлем бойынша бизнес-класты седан эталоны болып табылады. BMW 5 сериясының жарты ғасырдан астам тарихы туралы толығырақ біліңіз.BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ БУЫНЫ.
(BMW E12)
1972 жылы BMW жоғарғы ортаөлшемді сегменттегі седан ұсынады. Ол аты аңызға айналған дизайнер Поль Брактың басшылығымен құрылды. Бұл автокөлік алғашқы BMW 5 сериясы болды. Сондай-ақ қазірдің өзінде ол болашақта өзін ерекшелендіретін барлық сипаттамалық айырмашылықтарын көрсетеді. Олардың қатарына қосарланған алдыңғы шамдары бар танымал радиатор торы, ұзартылған қаңқа және BMW-ге тән артқы жетек кіреді. Аспада спорттық, қауіпсіздік пен жайлылық қасиеттері бір жерге біріктірілді. Жүргізушінің кокпиті функционалдыққа басым назар аударды. Интерьер жоғары сапалы материалдармен және ыңғайлы шешімдердің спектрімен таңғалдырады.
Бір жылдан кейін одан да күшті қозғалтқыштар ұсынылды. Ең алдымен қуаты 145 а.к. қозғалтқышы бар BMW 525 және қуаты 165 а.к. қозғалтқышы бар BMW 528 тоқталсақ.
1977 жылдан бастап барлық автокөліктерде капоттың шығыңқы сызығы пайда болды. Артқы шамдардың көлемі де үлкейді. Алты цилиндрлі модельдер – BMW 525 және 528 – қос карбюратордан алды. Нәтижесінде, көбірек қуат. Модель өзінің ізбасары пайда болғанға дейін шығарылып, өндірілген автокөлік саны 700 000-ға жуықтады.
Шығарылған кезі: 1972 – 1981
Қозғалтқыштар: 1,8 – 3,5 л (90 – 218 а.к.), 4 және 6 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 620 мм / 1 690 мм / 1 425 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ БУЫНЫ.
(BMW E28)
Модельдің техникалық даму жалғасып жатыр. Сонымен бірге аэродинамикалық көтеріңкі тұрған шанақтың артқы бөлігі сияқты элементтердің арқасында дизайн әлдеқайда жинақы көрінеді. Радиатор торындағы қосарланған шамдары бар өзіндік алдыңғы келбет өзгеріссіз қалады. Ішінде опция ретінде келесі техникалық инновациялар пайда болады: ABS, қауіпсіздік жастықтары, электронды қозғалтқышты басқару жүйесі, катализдік пайдаланылған газды бейтараптауыштар және борттық компьютер. Барлық дерлік қозғалтқыштарда қазір енгізу коллекторына отын бүрку қолданылады.
1983 жылы дизельді қозғалтқышпен жабдықталған алғашқы BMW 5 сериясы шығарылады. 115 а.к. қуатына ие болған BMW 524td сол кездегі әлемдегі ең жылдам дизельді седан болды.
1985 жылы BMW M535i көлігімен бірге алғашқы BMW M5 ұсынылды. Ол спорттық седандардың бүкіл желісінің негізін қалады, бұл керемет жол жүру сипаттамалары тек эксклюзивті спорткарлардың артықшылығы еместігін дәлелдеді. BMW M5 толығымен қолмен жиналды. BMW M635CSi көлігі сияқты оған да бір қатарлы алты цилиндрлі 3,5 литрлік қозғалтқыш орнатылып, таңғажайып 286 а.к. берді. Қуатына қарамастан оның сыртқы түрі қарапайым әрі әдемі болып қалды. 1974 жылдың өзінде BMW M GmbH шектеулі санда M BMW E12 нұсқасын жеткізді. BMW M535i жарқын жұлдызға айналды. Керемет алдыңғы спойлері бар және қуаты 218 а.к. болатын алты цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған автокөлік визуалды түрде де, динамикалық түрде де жаңа стандартты белгіледі. Осы BMW 5 сериясы тіпті 1987 жылдың соңына дейін өндіріліп отырды және конвейерден 722 000 астам автокөлік шықты.
Шығарылған кезі: 1981 – 1987
Қозғалтқыштар: 1,8 – 3,5 л (90 – 286 а.к.), 4 және 6 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 620 мм / 1 700 мм / 1 415 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ БУЫНЫ.
(BMW E34)
BMW 5 сериясының бұл буыны 1988 жылы таныстырылды. Автокөлік өзінің алдындағы көліктен айтарлықтай ірі әрі жалпақ болды. Сонымен бірге одан да аэродинамикалық көлік болып шықты. Нәтижесінде, іштен жану қозғалтқыштары бар барлық BMW 5 сериясы 200 км/сағ астам жылдамдық ала алатын болды. Ұзын дөңгелек базасының арқасында автокөлік спорттық әрі динамикалық келбет алды. Осьтер бойынша салмақтың мінсіз – 50:50 бөлінуі өзіндік үлес қосты. Модельдер қатары төрт цилиндрлі BMW 518i көлігінен басталып, жаңа буын премьерасынан соң бірінші жылдан-ақ сатылымға шыққан қуатты BMW M5 (315 а.к.) көлігімен аяқталды.
1991 жылы BMW 5 сериялы Touring қызығушылықты оятады. Алғаш рет BMW жоғарғы ортаөлшемді сегменттегі әмбебеп шанақты көлікпен таныстырады. Ерекше көңіл аударатын нәрсе артқы терезе болды. Оны жүксалғыштың есігіне қарамастан ашуға болады. Сол жылы қауіпсіздікті арттыру үшін есікке бүйірлік соққыдан күшейтілген қорғаныс орнатыла бастады.
1992 жылы нарыққа алғаш рет BMW 525iX шықты. Бұл алғаш толық жетекті BMW 5 сериясы болды. Сол кезеңде BMW 5 сериялы автокөліктер V8 моторларымен жабдықтала бастайды. BMW 530i және BMW 540i қозғалтқыштары ерекше тыныш әрі қуатты жұмыс істейді. BMW M5 өзінің алты цилиндрлі моторын сақтайды. Дегенмен, оның көлемі 3,8 литрге дейін ұлғайтылды. Сонымен бірге қуаты да 340 а.к. дейін өсті. Оның үстіне BMW M5 көлігі Touring шанағында қолжетімді болды. Седан өндірісі 1995 жылы тоқтатылды. BMW 5 сериялы Touring 1996 жылы дейін сатылымда болды. Жалпы алғанда осы буыннан 1,3 миллион автокөлік сатылды.
Шығарылған кезі: 1988 – 1996
Қозғалтқыштар: 1,8 – 4,0 л (113 – 340 а.к.), 4, 6 және 8 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 720 мм / 1 751 мм / 1 412 – 1 421 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ ТӨРТІНШІ БУЫНЫ.
(BMW E39)
BMW 5 сериясының жаңа буыны алдыңғы автокөліктен үлкендеу болды. Алайда шассиде жеңіл алюминийдің көбірек қолданылуының арқасында автокөліктің массасы сол күйінде қалды. Нәтижесінде модель маневр жасау, тұрақтылық және басқарылуы жағынан өзінің артықшылықтарын арттырды. Сонымен қатар 1995 жылы ұсынылған BMW 5 сериясы коррозиядан қорғаудың жоғары деңгейімен ерекшеленді, өйткені шанақтың көп бөлігі ыстық мырыштау әдісімен өңделді. Аэродинамикасы да таңғалдырды. BMW 5 сериясы өз класында ең жақсы тікелей кедергі коэффициентіне ие болды. Опциялық он қауіпсіздік жастықшасы оны ерекше қауіпсіз етті.
1997 жылдан бастап сатылымға жаңа BMW 5 сериялы Touring келіп түсті. 1998 жылы алғаш рет дизельмен жабдықталған осы модель Сommon Rail технологиясы бар бір қатарлы алты цилиндрлі мотордың арқасында әлемдік дәрежедегі өнімділік пен тиімділіктің жаңа деңгейін белгіледі. Заманауи қозғалтқыштар өзінің таңғаларлық өнімділігімен және біркелкі жүрісімен шабыттандырды. Модельдер қатары төрт цилиндрлі дизельді мотордан бастап BMW M5-тегі қуатты (400 а.к.) V8 дейінгі нұсқаларды қамтыды.
2000 жылғы рестайлингтің арқасында BMW 5 сериясында фирмалық жүріс жарықтары, негізгі жарықты айнала жиектеген шамдар пайда болды. Туманға қарсы шамдар да бұрынғыдай емес тікбұрышты емес шеңбер тәрізді болды. 2004 жылы өндіріс аяқталатын сәтке қарай сатылған автокөлік, соның ішінде 266 000 әмбебап Touring қосқанда, 1,48 миллионға жетіп, BMW 5 сериясы жаңа сатылым рекордына жетті.
Шығарылған кезі: 1995 – 2004
Қозғалтқыштар: 2,0 – 5,0 л (115 – 400 а.к.), 4, 6 және 8 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 775 – 4 805 мм / 1 800 мм / 1 435 – 1 445 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ БЕСІНШІ БУЫНЫ.
(BMW E60, E61)
2003 жылы ұсынылған BMW 5 сериялы седан көліктердің көркем формаларын әзірлеуге Крис Бэнгл жауапты болды. Ойыс және шығыңқы пішіндердің кезектесуі жарық пен көлеңкелердің ерекше ойынына қол жеткізді. Басқару тұжырымдамасы BMW өкілдік седандарынан мұраға қалған болатын. Жүргізуші автомобиль жүйелерін iDrive контроллері арқылы басқарады, ал проекциялық дисплей ең маңызды ақпаратты тура алдыңғы әйнектегі көру аймағында көрсетеді. Жаңа BMW 5 сериясы өзінің алдындағы көлікке қарағанда ірі әрі кең болды. Бұл ретте алдыңғы бөлігі алюминийден жасалған жеңіл шанақ құрылымының арқасында ол 75 кг-ға жеңіл болып шықты. Бейімделетін айналмалы және тежегіш шамдары тапсырыс бойынша қолжетімді болды. Сондай-ақ BMW 5 сериясы қисаюды белсенді басу технологиясы және бейімделетін круиз-бақылауы бар Dynamic Drive аспасымен жабдықтала бастады. Бір қатарлы алты цилиндрлі қозғалтқыштар Сommon Rail технологиясы бар дизельді нұсқада да, Bi-VANOS жүйесі бар бензин нұсқаларында да әсерлі болды.
2005 жылы нарыққа седан және әмбебап шанақты жаңа BMW M5 келді. Қуаты 507 а.к. болатын 5,0 литрлік сесті V10 қозғалтқышы оны әлемдегі ең жылдам әмбебап шанақты көліктің біріне айналдырды.
2007 жылы модель мұқият жаңартылды. Өзгерістер шамдарды, бамперді және айтарлықтай жетілдірілген iDrive жүйесін қамтыды.
Шығарылған кезі: 2003 – 2010
Қозғалтқыштар: 2,0 – 5,0 л (163 – 507 а.к.), 4, 6, 8 және 10 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 841 – 4 855 мм / 1 846 мм / 1 468 – 1 512 мм
BMW 5 СЕРИЯЛЫ GRAN TURISMO.
(BMW F07)
BMW 5 сериясымен жұмыс істеумен қатар BMW компаниясы нарықта мүлдем жаңа сегмент құрды. BMW 5 сериялы Gran Turismo автокөлігі седан сияқты әдемі болып шықты. SAV класындағы автокөліктер сияқты әмбебап болды. Классикалық Gran Turismo сияқты спорттық еді. Талғампаздық, жайлылық пен кеңдіктің жан-жақты толық деңгейі және BMW-ге тән жол динамикасын оның бойынан табылды.
Купе стиліндегі көлбеу төбе сызығы, ұзартылған қаңқа және ерекше BMW радиатор торы үйлесімді әсерді алуға қол жеткізді. L әрпі тәрізді артқы шамдар мен көлденең сызықтардың арқасында артқы бөлігі визуалды кеңірек болып көрінді.
Dynamic Driving Control жүйесі және әдепкі бойынша орнатылатын сегіз сатылы трансмиссия BMW 5 сериялы Gran Turismo автокөлігіне ерекше динамика мен тиімділік берді. Алдыңғы қос иінтіректі аспа, V интегралды артқы аспасы және опциялық интегралды белсенді рульдік басқару жүйесі сияқты техникалық инновациялар бағыттың тұрақтылығын және бұрылыстардан өту сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік берді. Кең интерьер жан-жақты қолданылу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Орындықтардың жоғары орналасуы және үлкейтілген терезелер жүргізушінің айналаны шолуын жақсартады. Жоғары сапалы материалдар сән-салтанатты атмосфера сезімін арттырады. BMW iDrive арқасында жүргізуші көмекші жүйелерді, соның ішінде жолақты ауыстыру қаупі туралы ескерту жүйесін, BMW Night Vision түнгі көру жүйесін және алысқа түсетін жарық көмекшісін оңай және интуитивті басқара алады. Интернетке тұрақты қосылу арқылы автокөлікте BMW Online және BMW Teleservices сервистері әрдайым қолжетімді болды.
Шығарылған кезі: 2009 – 2017
Қозғалтқыштар: 2,0 – 4,4 л (184 – 450 а.к.), 4, 6 және 8 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 998 мм / 1 901 мм / 1 559 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ АЛТЫНШЫ БУЫНЫ.
(BMW F10, F11)
2010 жылы BMW 5 сериясының жаңа буыны жарыққа шығады. Сатылымның жалпы көлемі 2 миллион автокөліктен асып кетеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге спорттық және талғампаз дизайн, көлік жүргізудің өзіндік шынайы рақаты және көптеген технологиялық инновацияның енгізілуі ықпал етті. BMW xDrive интелектуалды толық жетек жүйесі тарту күшін барлық дөңгелектерге жағдайға байланысты бөледі. Қуаты 407 а.к. болатын сегіз цилиндрлі V8 BMW TwinPower Turbo ең қуатты бензин қозғалтқышы ретінде жүреді. Ең мақты дизель агрегаты ретінде қуаты 300 а.к. болатын, бір қатарлы алты цилиндрлі мотор болды.
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап модель үшін M пакеті қолжетімді, ол интерьер мен экстерьердің спорттық келбетін көрсете түседі. M Sport аспасы, аэродинамикалық M пакеті және жеңіл қорытпалы M дөңгелек дискілері бұл автокөлікті маневр жасауға икемді спорттық жұлдыздан теңдесі жоқ атлетке айналдырады. Интерьерге спорттық M орындықтары, M былғары руль шеңбері, M берілістер қорабының тұтқасы және M сәндік элементтері сияқты эксклюзивтік акценттер қосылады.
2013 жылғы рестайлинг дизайнға өзгерістер енгізді. Сондай-ақ қозғалтқыштардың қосымша нұсқалары қосылды. Ксенон шамдар мен Bluetooth технологиясы енді стандартты жабдықтар қатарына кірді. 2016 жылдан бастап BMW 530e гибридтік нұсқасы қолжетімді болды. Қосылатын гибридтік жетектің арқасында автокөлік зиянды шығарындылардың нөлдік деңгейімен жол жүре алады. Бұл ретте қозғалыс динамикасы, жайлылық пен тиімділік көрсеткіштері бұрынғы жоғары деңгейінде сақталды.
Шығарылған кезі: 2010 – 2017
Қозғалтқыштар: 2,0 – 4,4 л (143 – 575 а.к.), 4, 6 және 8 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 899 – 5 039 мм / 1 860 мм / 1 464 – 1 471 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ ЖЕТІНШІ БУЫНЫ.
(BMW G30, G31)
2017 жылы BMW 5 сериясы бизнес класты спорттық седандардың арасында тағы да қайраң қалдырды. Бұл ретте BMW көліктеріне тән пропорцияларымен, ұзын дөңгелек базасымен, ұзартылған капотымен және көлбей орналасқан төбе сызығымен көрнекі түрде таңғалдырады. Айқын қырлары мен дәл сызылған контурлары фирмалық BMW радиатор торына назар аудартады. Ол негізгі жарық шамдарымен тікелей қосылып, автокөліктің жалпақтығын айқын көрсетеді.
Модель үшін заманауи қозғалтқыштардың кең ауқымы ұсынылды. Әрине, тиімді гибридтік жетек те оларға серік болады. Опциялық белсенді аспа және интегралды белсенді рульдік басқару автокөліктің динамикалық сипаттамаларын жақсартады. Жүргізушіге көмек көрсетудің озық жүйелері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Опциялық Driving Assistant Professional пакеті көлікті жайлы жүргізу үшін, мысалы, автокөлікті жол жүру жолағында ұстау сияқты жағдайларда автоматты түрде көмектеседі.
Рестайлингтің нәтижесінде 2020 жылы радиатор торы жаңа дизайнды алды. Опциялық лазер шамдары бар негізгі оптика әлдеқайда жайпақ болды. Сондай-ақ шанақты бояуды жаңа нұсқалары пайда болды. Салонда опция ретінде жоғары жайлылық үшін жаңа орындықтар ұсынылды. Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері кешеніне Emergency Corridor Assistant төтенше жағдайларда тежеу және City Braking Activation қалада төтенше тежеу көмекшілері қосылды.
Шығарылған кезі: 2017 – қазіргі уақытқа дейін
Қозғалтқыштар: 1,6 – 4,4 л (184 – 530 а.к.), 4, 6 және 8 цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 4 936 – 4 972 мм / 1 868 мм / 1 483 – 1 498 мм
BMW 5 СЕРИЯСЫНЫҢ СЕГІЗІНШІ БУЫНЫ.
(BMW G60)
BMW 5 сериясының спорттық дизайны сегізінші буында қайта қаралды. Әсерлі дизайн элементтері, мысалы, BMW көліктеріне тән пропорциялар, ұзын дөңгелек базасы, ұзартылған капот және көлбеу орналасқан төбе сызығы ерекше әдемі көрініс алды. Iconic Glow жарықты радиатор торы, кең панорамалық төбе және кристалл тәрізді Interaction Bar тақтасы сияқты эксклюзивті шешімдер жаңа BMW 5 сериясына өзіндік жарқын даралық сыйлады.
Күштік қондырғылардың мол түрлерін ерекше атап өткен жөн: BMW 5 сериясының қазіргі буыны классикалық бензин және дизель қозғалтқыштарымен қолжетімді. Сонымен бірге толық электрлік BMW i5, қосылатын гибридтер және аса қуатты M автокөліктері де ұсынылды.
Қауіпсіздік пен жайлылық – кез келген күштік қондырғының ажырамас сапалық қасиеті. Жүргізушіге көмек көрсететін көмекшілер мен қосылатын технологиялардың кешенді жиынтығы ұзақ сапарларды жайлы етеді, ал BMW Live Cockpit Professional дисплейлері жол жүрген кездегі барлық маңызды көрсеткіштердің толық көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Шығарылған кезеңі: 2023 жылдан бастап
Қозғалтқыштар: 2,0 л, электр қозғалтқыштар (163 – 601 л.с.), 4-цилиндрліҰз
ындығы/ені/биіктігі: 5 060 мм / 1 900 мм / 1 505 – 1 515 мм
BMW 5 сериясы: WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 6,4–5,1; WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км: 157–130
BMW i51] WLTP аралас цикліндегі электр энергиясын тұтыну, кВт·сағ/100 км: 20,6–15,9; электр тарту күшімен жүріс қоры, км: 455–582ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР.
Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
BMW 520i:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 6,4;
аралас циклдегі CO2 шығарындылары (WLTP), г/км: 144
[1] Жүріс қоры әртүрлі факторларға байланысты. Олардың ішінде: жүргізу стилі, бағдар, сыртқы температура, климаттық қондырғыны айдалану, автономды кондициялау.
[2] Модель жаңа автокөлік ретінде сатып алу үшін бұдан әрі қолжетімсіз.
Қуат көрсеткіштері, шығын және CO2 шығарындыларының деректері стандартты беріліс қорабы бар автокөліктер үшін берілген.
Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр тұтыну және электр тарту күшіндегі жүріс қоры туралы деректер Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы редакциясында айқындалған өлшеу процестеріне сәйкес алынды. WLTP циклі үшін анықталған және диапазондар түрінде көрсетілген деректерде қолжетімді (бұл жағдайда Германия нарығында ұсынылатын) қосымша жабдық ескеріледі. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап типі бойынша жаңа мақұлдау алған автокөліктер үшін WLTP цикліне сәйкес ресми деректер ғана бар. Бұған қоса ЕО 2022/195 қаулысына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап NEDC мәндері сәйкестік сертификатынан алынып тасталады. NEDC және WLTP циклдері үшін өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпарат www.bmw.de/wltp сайтында берілген
Жаңа жеңіл автокөліктердің отын шығыны және CO2 шығарындылары деңгейі туралы ресми деректер туралы толығырақ ақпарат барлық дилерлік орталықтарда, сондай-ақ Deutsche Automobil Treuhand GmbH (DAT), мекенжайы: Hellmuth-Hirth-Str. 1, 73760 Ostfildern-Scharnhausen, Germany, компаниясынан тегін алуға болатын «Жеңіл автокөліктердің барлық жаңа модельдерінің отын үнемдеуі, CO2 шығарындылары және энергия тұтынуы бойынша нұсқаулықта» жәнеhttps://www.dat.de/co2/ сайтында жазылған.
Бензин қозғалтқыштардың көрсетілген сипаттамалары октан саны 98 болатын бензинмен жүретін автокөліктерге қатысты. Отын шығыны бойынша деректер ЕО 715/2007 регламентіне сай эталон отынды пайдаланатын автокөліктерге қатысты. Сондай-ақ этанолдың максималды мөлшері 10% (E10) болатын 91 және одан жоғары октанды этилденбеген бензинді қолдануға болады. BMW октан саны 95 болатын жанармайды қолдануды ұсынады. Жоғары өнімділікті қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін BMW октан саны 98 болатын жанармайды қолдануды ұсынады.