Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.
Жаңа BMW 7 сериясы — бұл премиум-класс атмосферасын қалыптастыру және көлік жүргізуден барынша ләззат алу үшін бір-бірімен біріктірілген шынайы талғампаздық пен мультисенсорлық ойын-сауық жүйелерінің үйлесімі:
- «Great Entrance Moments» сәлемдесу сценарийі
- Кристалды шамдар мен жарықпен жабдықталған «Iconic Glow» радиатор торы
- Салондағы сән-салтанатты қонақ бөлме атмосферасы және My Modes жеке режимдері
- Артқы қатардағы жолаушыларға арналған 31,3 дюймдік Theatre Screen дисплейі
BMW 740i:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде; WLTP): 8.0–7.0
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде, WLTP): 183–159
**«Көпфункционалды алдыңғы орындық» жабдығымен бірге қолжетімді емес (M спорт және M спорт Pro пакетіне қатысты емес)
***M спорт және M спорт Pro пакетімен бірге: тақырып суреттері әртүрлі болуы мүмкін
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ НҰСҚАЛАРЫ.
BMW 740d xDrive
- Қозғалтқыш: Дизель
- Қуаты: 200 кВт (299 а.к.) дейін*
- 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету, с: 6.3 с*
- Жүксалғыш көлемі: 540 л
BMW 740i xDrive
- Қозғалтқыш: Бензин
- Қуаты: 280 кВт (381 а.к.) дейін*
- 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету, с: 5.3 с*
- Жүксалғыш көлемі: 540 л*
BMW 760i xDrive
- Қозғалтқыш: Бензин
- Қуаты: 400 кВт (544 а.к.) дейін*
- 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету, с: 4.5 с*
- Жүксалғыш көлемі: 540 л*
BMW M760e xDrive
- Қозғалтқыш: Қосылатын гибрид
- Қуаты: 420 кВт (571 а.к.) дейін*
- 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету, с: 4.3 с*
- Электр тарту күшімен (WLTP) жүріс қоры: 84 км дейін*
- Жүксалғыш көлемі: 525 л*
- BMW 740d xDrive
- BMW 740i xDrive
- BMW 760i xDrive
- BMW M760e xDrive
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯЛЫ СЕДАН ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫ.

ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫ ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Шанақтың алдыңғы бөлігінің дизайны.
Шанақтың алдыңғы бөлігінің танымал дизайны. Swarovski хрусталь элементтері бар BMW Iconic Glow шамдары және жарығы бар радиатор торы.

Жанынан көрінісі.
Түзу сызықтар жаңа BMW 7 Сериясының елеулі көлемін эстетикалық пропорциялық кеңістікке айналдырады. Хромдалған элемент Хофмайстер сызығын асыл тастай ерекшелеп тұр.

Шанақтың артқы бөлігінің дизайны.
L-тәрізді шамдар шанақтың ені есебінен туындайтын визуалды көріністі күшейтеді. Газ шығару құбырлары білдірмей орнатылған, бұл көлікке жинақылық беріп тұр.
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫ ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫ.

ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫ ИНТЕРЬЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Кокпиттегі инновациялық атмосфера.
BMW Interaction Bar көпфункциялы басқару панелі, бүкіл салонды бойлап көлденең созылып жатыр. 14,9 дюймдік жоғары ажыратымдылықты иілген дисплей мультимедиялық өзара қимылды тамаша толықтырады.

Екінші қатардағы жолаушыларға арналған ақпараттық ойын-сауық жүйесі.
Ыңғайлы орындықтары бар және динамиктер есікке орнатылған салонның артқы бөлігінде орнатылған Amazon Fire TV бар диагоналі 31,3" панорамалық дисплей әр сапарыңызды киномандардың шытырман оқиғасына айналдырады.

Sky Lounge панорамалық әйнек төбесі.
Sky Lounge панорамалық әйнек төбесі күндіз күн сәулесін молынан түсіріп, бос кеңістік сезімін тудырады. Жарық элементтерінен тұратын дизайнның арқасында түнде қайталанбас атмосфера береді.
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЛДЫРАТЫН ӘСЕРІ.
Жаңа BMW 7 Сериялы Седан дизайнының ерекшеліктері.
Тегіс сызықтар мен тұтас жазық беттер.
Жинақы артқы шамдардың үстіндегі хромдалған элементтер.
BMW Interaction Bar қырлы панелі.Disclaimer reference invalid
Артқы қатардағы жолаушыларға арналған Executive Lounge.

BMW 7 Сериялы Седан G70 ICE 740i M Sports пакеті, шанақ бояуы сұр металлик (Frozen Deep Grey), үстінен көрінісі

BMW 7 Сериялы Седан G70 ICE ICE740i M Sports пакеті, шанақ бояуы сұр металлик (Frozen Deep Grey), артынан көрінісі

BMW 7 Сериялы Седан G70 ICE 740i M Sports пакеті интерьері, алдынан көрінісі

BMW 7 Сериялы Седан G70 ICE 740i M Sports пакеті интерьері, артынан көрінісі
Тегіс сызықтар мен тұтас жазық беттер.
Жинақы артқы шамдардың үстіндегі хромдалған элементтер.
BMW Interaction Bar қырлы панелі.Disclaimer reference invalid
Артқы қатардағы жолаушыларға арналған Executive Lounge.
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ЖАЙЛЫЛЫҚ.
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫНЫҢ ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ БЕЙНЕРОЛИКТІ ҚАРАҢЫЗ.



Great Entrance Moment.
Ақылды интерьер.Disclaimer reference invalid
Артқы қатардағы Private Lounge.



ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫ САЛОНЫНДАҒЫ СӘН-САЛТАНАТ ПЕН ЖАЙЛЫЛЫҚ.
Жай ғана орындықтың арқасын шалқайтыңыз – жаңа BMW 7 сериясында бәрі дәл сіздің қажеттіліктеріңізге икемделген.
• Жоғары сапалы материалдар мен тамаша безендіру сапасы
• Мінсіз эргономика: әрбір функция дәл сізге қажет жерде орналасқан
• Әр сапарды ұмытылмас оқиғаға айналдыратын мұқият ойластырылған технологиялар

Executive Lounge орындығы.
Орындықтың арқасын шалқайтып, рақатқа бөленіңіз: Executive Lounge орындығы артқы қатардағы орындықта отыратын жолаушы үшін ең жоғарғы жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

Орнатылған сенсорлық экрандары бар артқы есіктер.
Артқы есіктерге әдемі орнатылған екі 5.5 дюймдік сенсорлық экран ақпараттық ойын-сауық жүйесін, 31 дюймдік BMW Theatre Screen экранын, автоматты кондиционерді және басқа да қолжетімді функцияларды ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді.

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі.
Жоғары және орташа жиілікті 40 динамигі, сабвуфері мен басс-шейкері бар Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі 1965 Ватт қуатқа ие және кез келген музыка сүйер адамды таңғалдыра алатын 4D көлемді дыбыс шығарады.
«MY MODES» РЕЖИМДЕРІ МЕН BMW ICONIC SOUNDS ФУНКЦИЯСЫ.
«My Modes» режимдерін қолданып, сіз жарықтың, дыбыстың және климаттық жүйенің баптаулары ішінен өзіңіздің көңіл күйіңізге сәйкес келетін оңтайлы үйлесімді таңдап ала аласыз. BMW IconicSounds функциясы әрбір жүргізу режимдері үшін әйгілі композитор Ханс Циммер жазған дыбыстардан ләззат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көптеген басқасы: жаңа BMW 7 сериясындағы әрбір сапар таңғажайып оқиғаға айналады.

DIGITAL HIGHLIGHTS IN THE NEW BMW 7 SERIES SEDAN.
BMW 7 СЕРИЯСЫНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ.

BMW 7 СЕРИЯСЫНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ.

Жетектердің сан алуан түрі.
Гибридті жетек, іштен жану қозғалтқышы немесе тек электр қозғалтқышы: күштік қондырғылардың көптеген әртүрлі технологиялары мен жабдықталу нұсқалары ішінен сіз дәл өзіңізге мінсіз жарасатын BMW 7 сериясын таба аласыз.

Executive Drive Pro.
Executive Drive Pro аспаны басқару жүйесі әлдеқайда жоғары жайлылық деңгейіне кепілдік беріп, көлік жүргізу рақатын кемітпейді.

Интегралды белсенді рульдік басқару.
Интегралды белсенді рульдік басқару, мысалы, тұраққа қойған кезде маневр жасауды және динамиканы жақсартады. Жоғары жылдамдықта көлік жүргізу тұрақтылығы артады.
ЖАҢА BMW 750e xDRIVE КӨЛІГІНІҢ АЙРЫҚША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Екі нұсқаның ең жақсысы: қосылатын гибридті жетекті жаңа BMW 7 сериясының нұсқасы.
- Ең жоғары тиімділікпен көлік жүргізуден максималды рақат алу
- Қуаты 197 а.к.* (145 кВт*) BMW eDrive электр жетегімен біріктірілген қуаты 489 а.к.* (360 кВт*) тиімді іштен жану қозғалтқышы
- Электр тарту күшімен жүріс қоры 80 км* астам және кез келген жағдайға арналған ақылды режимдер

Электр тарту күшімен жүріс қоры.
Plug-in гибридті жетегі бар BMW 750e xDrive көлігінің электр тарту күшімен жүріс қоры 80 км*-ден асады, бұл зиянды шығарындыларсыз және ешқандай шектеу қоймай, дыбыссыз жол жүруге мүмкіндік береді.

BMW зарядтау құрылғылары
Үйде болсын, мейлі жолда болсын: BMW Charging кез келген жағдайда зарядтауға арналған жеке шешімдерді ұсынады.
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫНА АРНАЛҒАН ТҮПНҰСҚА BMW АКСЕССУАРЛАРЫ.

Travel & Comfort жүйесіне арналған BMW киім ілгіштері.
Киім ілгіштерді Travel & Comfort жүйесіне немесе базалық кронштейнге бекітуге болады, сондай-ақ автокөліктен тыс жерде пайдалануға болады.

Ауа райын талғамайтын BMW кілемшелері.
Жиегі шығыңқы және сәнді дизайнды өлшемі дәл келетін мықты резеңке кілемшелер салонның алдыңғы жағындағы аяқты қоятын жерді ылғал мен балшықтан қорғайды. Олар қара түсте жасалған және сәнді металл жапсырмасы бар.

22-дюймдік M Performance 912 М соғып жасалған дискілері.
Барынша спорттық мінез: 22-дюймдік M Performance Cross-Spoke 912 M соғып жасалған дискілері Bicolor "Gunmetal" қыраулы сұр, жаздық дөңгелек жиынтығы бірге жүреді.
ЖАҢА BMW 7 СЕРИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ.
BMW 740i.
Қуаты, кВт (а.к.) айн/мин: | 280 (381)/5,200–6,250 |
100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету, с: | 5.4 |
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде; WLTP): | 8.0–7.0 |
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде, WLTP): | 183–159 |

Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
BMW 740i*:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде; WLTP): 8.0–7.0
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде, WLTP): 183–159
BMW M760e xDrive*:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде; WLTP): 1.4–1.1
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде, WLTP): 31–25
BMW 760i xDrive:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде; WLTP): 11,2
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде, WLTP): 255
BMW i7 xDrive60:
Электр қуатын тұтыну, кВт·сағ/100 км(аралас циклде, WLTP): 19,6–18,5;
Электр тарту күшімен жүріс қоры, км (WLTP): 624–589
*Алдын ала мәндер
Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр тұтыну және электр тарту күшіндегі жүріс қоры туралы деректер Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасында айқындалған өлшеу процестеріне сәйкес алынды. WLTP циклі бойынша деректер ауқымы қосымша жабдықтың пайдаланылғанын есепке алып көрсетілген. 2021 жылдың 01 қаңтарынан бұрын емес мерзімде көлік құралы түрінің мақұлдауын алған жаңа автокөліктер үшін ресми деректер тек WLTP циклі бойынша анықталған. WLTP және NEDC циклдері бойынша өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпарат www.bmw.de/wltp сайтында берілген
Ауа температурасы 0 градус Цельсийден төмен болған кезде, жүріс барысында батарея жұмыс істейтін жағдайға дейін қызғанша, бұл гибридті автокөлік толығымен электр тарту күшімен жүре алмайды.
Fuel consumption and CO2 emissions.
- Disclaimer reference invalid