BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), 7/8 алдынан көрінісі (жүріп келе жатыр)
Отын шығыны, аралас циклде10.5–9.2 л/100 км
Қозғалтқыш және отын түріБензин

THE X7

ЖАҢА BMW X7

Отын шығыны, аралас циклде10.5–9.2 л/100 км
Қозғалтқыш және отын түріБензин
THE X7ЖАҢА BMW X7

Жаңа BMW X7 xDrive40i ымырасыз қуаты, салтанаты, жайлылығы және мәнерлі дизайнының үйлесімімен бір көргеннен көздің жауын алады.
 

  • BMW Iconic Glow жарығы бар BMW радиаторының фирмалық торына екпін қойылған шанақтың алдыңғы бөлігі мінез айбындылығын бейнелеп тұр.
  • Қуатты 6 цилиндрлік BMW TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы 381 а.к* (280 кВт) жетеді, ал стандарт жабдыққа кіретін екі осьтегі пневматикалық аспа әр сапарды айрықша жайлы етеді.
  • Интегралды белсенді Integral Active Steering рульдік басқару** төмен жылдамдықтарда маневрлеуді жақсартады, ал жоғары жылдамдықтарды тұрақтылықты жақсартады.

* Алдын ала мәндер. ** Опция.

BMW X7 xDrive40i [2]:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде, WLTP): 10,6-9,6
Аралас циклдегі CO2 шығарындылары, г/км (WLTP): 240–217

Көбірек оқу

ОСЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕ ЖАҢА BMW X7 ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), 7/8 бүйір жағынан көрінісі (статика)

ЖАҢА BMW X7 ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), алдынан көрінісі (статика)

Шанақтың алдыңғы бөлігінің дизайны.

Алдыңғы бөліктің эксклюзивті дизайны. Swarovski кристалдары және радиатор торы контурының жарығы бар BMW Iconic Glow фаралары автокөлікке дара бейне беріп тұр.

BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), бүйір жағынан көрінісі (статика)

Бүйір жағынан көрінісі.

BMW X7 сұлбасының атлетикалық қырлары мен Sparkling Copper Grey (сұр металлик) жаңа түсі үйлесіп, жол талғамайтын көлік бейнесіне серпінділік пен кербезділік беріп тұр. Ал BMW Individua 23 дюймдік құймалы дөңгелек дискілері қуат сезімін арттырады. Нанғысыз кең салонымен ерекшеленетінін түсіну үшін автокөлікке бір қараудың өзі жеткілікті.

BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), артқы жағынан көрінісі (статика)

Шанақтың артқы бөлігінің дизайны.

Артқы шамдарының үшөлшемді дизайнының арқасында жаңа BMW X7 ультразаманауи болып көрінеді. Сұрғылт әйнектен асқан шеберлікпен жасалған хромдалған қаптама айрықша сапаға назар аударта отырып, артқы шамдарды біріктіреді. Бұндай дизайнерлік шешім автокөлік шанағының кеңдігін, оның қуаты мен кербездігін айшықтап тұр.

ЖАҢА BMW X7 САЛОНЫНДАҒЫ КЕРЕМЕТ КЕҢДІКТІ СЕЗІНІҢІЗ.

Көлемі 750 литрлік сыйымды жүксалғыш бөлімімен (бес орындық конфигурацияда) кез келген жағдайларға дайын боласыз.

BMW X7 G07 LCI салоны, орындықтардың екінші қатары, бүйір жағынан көрінісі

ОСЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕ ЖАҢА BMW X7 ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X7 G07 LCI салоны, жүргізуші орны, сыртқы жағынан көрінісі

ЖАҢА BMW X7 ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

BMW X7 G07 LCI кокпиті, алдыңғы жолаушы орнынан BMW иілген дисплейінің көрінісі

Кокпит: эстетика және технологиялық.

Кокпит ультразаманауи технологияларымен, кербездігімен және цифрлық эстетикасымен ерекшеленеді. BMW иілген дисплейінің арқасында аспаптар тақтасы айрықша талғампаз көрінеді. Сәндік қаптама астындағы призма құрылымды кристалл түрінде жасалған инновациялық жарық жолағы визуалды әрі функционалды акцент ретінде тұр.

BMW X7 G07 LCI үшінші орындық қатары, салоннан көрініс

Салонның кең әрі жайлы артқы бөлігі.

Салонның артқы бөлігі нанғысыз кеңдікпен және сондай-ақ Ivory White (піл сүйегі) және Atlas Grey (сұр жылтыр) реңктеріндегі жаңа екі түсті BMW Individual ‘Merino’ әрлемесімен қамтамасыз етілетін керемет жайлылықпен ерекшеленеді. Орындықтарға біріктірілген ұстағыштар * кез келген тасымалы құрылғыларды пайдалануды жеңілдетеді.

* Опция.

BMW X7 G07 LCI CraftedClarity интерьері бөлшектерінің әйнек әрлемесі, орталық консольдің ірі планы

CraftedClarity интерьері бөлшектерінің әйнек әрлемесі.

Жаңа BMW X7 интерьері материалдарының жоғары сапасымен тамсандырады. Эксклюзивтілікті, мысалы, селектор иінтірегіндегі, iDrive контроллеріндегі және қозғалтқыштың түйме-ажыратқышындағы CraftedClarity әйнек ендірмелері сияқты әсерлі элементтер айшықтап тұр.

ЖАҢА BMW X7 АРНАЛҒАН ТҮПНҰСҚА BMW АКСЕССУАРЛАРЫ.

Өзіңіздің BMW көлігіңізді түпұсқа BMW аксессурларымен қалауыңыз бойынша бейімдей аласыз: олар сапа, дизайн және ыңғайлылық тұрғысынан жаңа BMW X7 үшін мінсіз келеді.
BMW X7 G07 LCI арналған Jet Black қара түсті 21 дюймдік BMW Y-spoke 752 құймалы дискілер ірі планмен

Jet Black қара түсті 21 дюймдік BMW Y-spoke 752 құймалы дискілер, RDCi қысым датчигі бар қысқы дөңгелектер жинақта.

Jet Black қара түсті жоғары сапалы 21 дюймдік BMW Y-spoke 752 құймалы дискілері. Run‑Flat технололгиялы қысым датчигі мен шиналары бар 9.5J x 21 өлшемді қысқы дөңгелектер жинақта. Сырғытпайтын шынжырлармен бірге қолжетімсіз.

BMW 520 үстіңгі жүксалғыш боксы, қара / күміс титан, BMW X7 G07 LCI үшін ірі планда

BMW 520 үстіңгі жүксалғыш боксы, қара / күміс титан.

«Күміс титан» түсті бүйірлік қаптамалары бар, көлемі 520 литрлік қара түсті, бекітілетін үстіңгі жүксалғыш боксқа екі жақтан да қол жеткізу ыңғайлы және BMW барлық жүксалғыш арқалықтарымен үйлеседі.

Travel & Comfort жүйесіне арналған BMW киім ілгіштері BMW X7 G07 LCI ішінде ірі планмен

Travel & Comfort жүйесіне арналған BMW киім ілгіштері.

Киім ілгіштер базалық кронштейнге немесе Travel & Comfort опциялық жүйесіне бекітіледі. Оларды сондай-ақ автокөліктен тыс пайдалануға болады.

ОСЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕ ЖАҢА BMW X7-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X7 G07 LCI кокпиті, алдыңғы жолаушы орнынан BMW иілген дисплейінің көрінісі

ЖАҢАBMW X7 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.

BMW X7 G07 LCI көлігіне смартфон интеграциясы, дисплей ірі планмен

Смартфон интеграциясы.

Автокөлігіңіз Apple CarPlay және Android Auto интерфейстерімен істейді. Смартфоныңыздың қолданбаларын олардың көмегімен автокөлігіңізде пайдалана аласыз.

BMW X7 G07 LCI жайлы қолжетімділік жүйесі, есік тұтқасының жанындағы смартфон ұстап тұрған қол

Жайлы қолжетімділік

Жайлы қолжетімділік жүйесінің арқасында кілтті алмай-ақ автокөліктің кез келген есігін ашуға болады. Бұған қоса смартфонға BMW Digital Key Plus цифрлық кілтін орната аласыз.

BMW X7 G07 LCI көлігіндегі BMW 8 операциялық жүйесі, иілген дисплей ірі планда

BMW 8 операциялық жүйесі.

BMW iDrive және BMW 8 интеллектуалды операциялық жүйесінің арқасында BMW X7 көлігін басқару түйсікпен түсінікті әрі жайлы болады. Табиғи дауыстық командалар, эргономикалық басқару органдары және BMW Intelligent Personal Assistant ақылды көмекшісі сізге әрқашан жүргізуден шынайы ләззат алуға көмектеседі.

ЖАҢА BMW X7 ЖАЙЛЫЛЫҒЫ.

BMW X7 G07 LCI 6 орындық салоны, салонның алдыңғы жағынан бүкіл 6 орынның көрінісі

6 орындық салон *

Салондағы 6 орындық құрылымның арқасында екінші қатардағы жолаушылар жоғары жайлылық деңгейінен ләззат алады. Оған қоса үшінші қатарға қол жеткізу жеңіл.

* 7 орындық салон стандартты жинақта, ал 6 орындық салон опция түрінде қолжетімді.

BMW X7 G07 LCI автоматты 5 аймақтық климат-контроль, басқару тақтасы төбеде

Автоматты 5 аймақтық климат-контроль

Автоматты 5 аймақтық климат-контроль жеке баптауларды таңдауға және әр үш орын қатарына жайлы атмосфераны жасауға мүмкіндік береді.

BMW X7 G07 LCI ішіндегі Bowers & Wilkins Diamond Surround Soun аудиожүйесі, динамик алдыңғы есіктің панелінде

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі.

Қуаты 1475 Вт үшөлшемді дыбысталатын Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі барлық қатардағы жолаушыларды үздік студиялық дыбыс сапасымен қамтамасыз етеді.

ОСЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕ ЖАҢА BMW X7 ҚОЗҒАЛЫС СЕРПІНІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), ¾ алдынан көрінісі

ЖЕТЕК ЖӘНЕ АСПА

BMW X7 G07 LCI шанақ түсі мыс-сұр металлик (Sparkling Copper Grey metallic), бүйір жағынан көрінісі (жүріп келе жатыр)
  • Қатарлы 6 цилиндрлік BMW TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы 5,8 секунд* ішінде 100 км/сағ дейін үдетеді, жылдам жауап қайтарады және үлкен қуат қорына ие.
  • Executive Drive Pro ** аспаны белсенді басқару жүйесі бұрылыстарда және тік учаскелерде автокөліктің бір жаққа қисаюын азайтады.
  • Интегралды белсенді рульдік басқару** төмен жылдамдықтарда маневрлеуді ыңғайлы етеді, ал жоғары жылдамдықтарда жайлылықты арттырады.

    * Алдын ала мәндер. ** Опция.

ЖАҢА BMW X7-ДЕГІ КӨЛІК ЖҮРГІЗУ КӨМЕКШІЛЕРІ.

BMW X7 G07 LCI көлігіндегі Professional көлік жүргізу көмекшісі, дисплейдің ірі планы

Professional көлік жүргізу көмекшісі.

Professional көлік жүргізу көмекшісі автокөлікті жолақ шегіне автоматты ұстайды, қозғалыс жылдамдығын және басқа автокөліктерге дейінгі қашықтықты бақылайды және түрлі жағдайларда жол оқиғалары қатерін төмендетеді.

BMW X7 G07 LCI тұраққа қою көмекшісі Басқару дисплейі, ірі планмен

Тұраққа қою көмекшісі

Тұраққа қою көмекшісі көлденең және бойлай орналасқан тұрақ орындарында, сондай-ақ бойлай орналаспаған тұрақ орындарында автокөлікті өз бетінше тұраққа қояды.

BMW X7 G07 LCI проекциялық дисплейі, алдыңғы әйнек

BMW проекциялық дисплейі.

BMW түрлі түсті проекциялық дисплейі қозғалыс режимі туралы өзекті деректерді дәл көру аяңызға шығарады. Қозғалыс жылдамдығы туралы ақпарат пен навигациялық жүйенің кеңестері ыңғайлы форматта көрсетіліп, алаңдатпайды, сөйтіп сіз жаңа BMW X7 көлігіңізді басқаруға толық  зейін қоя аласыз.

ЖАҢА BMW X7 ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

BMW X7 xDrive40i және басқа модификациялар.

Қуаты, кВт (а.к.):

280 (381)*

Үдеу 0-100 км/сағ, с:

5,8*

Аралас циклдегі отын шығыны, л/100 км:

10,6-9,6*

Аралас циклдегі CO2 шығарындылары, г/км:

* Алдын ала мәндер.

240–217*

BMW X7 G07 LCI габариттік өлшемдері: алдынан, бүйірінен, артынан, үстінен
BMW қызметкері көмек көрсетуде

ЖЕКЕ КЕҢЕС АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Сізде қандай да бір сұрақ туындаса, Сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе BMW X7 бойынша нақты ұсыныс алғыңыз келсе, жақын маңдағы BMW дилеріне хабарласыңыз. Біздің білікті қызметкерлеріміз Сізге телефон арқылы немесе тура дилерлік орталықта қуана жеке кеңес береді.
BMW M ҚУАТЫ МЕН ДИНАМИКАСЫ

BMW M ҚУАТЫ МЕН ДИНАМИКАСЫ

M BMW X7 автокөліктері туралы көбірек біліңіз.

ОТЫН ШЫҒЫНЫ ЖӘНЕ CO2 ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ.

 

 

BMW X7 xDrive40i [2]:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде): 10,6-9,6
СО2 шығарындылары, г/км (аралас цикде): 240–217

 [2] белгісі бар автокөліктер үшін алдын ала деректер берілген.

Отын шығыны, CO2 шығарындыларының деңгейі және электр энергиясын тұтыну мәндері түрді растау сәтінде қолданыста болған редакциядағы Еуропалық Одақтың (ЕО) № 715/200 директивасына сәйкес анықталған.   Көрсеткіштер Германия нарығында ұсынылатын базалық жинақтамадағы автокөлікке қатысты, ал мәндер ауқымында таңдалған модельге ұсынылатын қосымша жабдықты орнату, түрлі дөңгелек дискілері мен шиналар түрлерін пайдалану ықтималдығын есепке алынған.

CO2 шығарындыларының деңгейі 1999/94/ЕО директивасына және қолданыстағы Еуропалық регламент редакциясына сәйкес анықталған. Жіктеу мақсаттарында берілген мәндер NEDC цикліндегі отын шығыны, СО2 шығарындылары және электр энергиясын тұтыну туралы деректерге негізделген.

Жаңа жеңіл автокөліктерге арналған ресми отын шығыны, СО2 шығарындыларының дәл мәндері туралы толығырақ ақпарат «Жаңа жеңіл автокөліктерге арналған отын шығыны, СО2 шығарындыларының деңгейі және электр энергиясын тұтыну» анықтамасында берілген. Анықтама дилер орталықтарында және  https://www.dat.de/e10 сілтемесінде қолжетімді

 

 

Көбірек оқу

Отын шығыны және CO2 шығарындылары.

  • Disclaimer reference invalid