Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.
BMW X5 – өз бойына айрықша жайлылық пен инновациялық шешімдерді жинаған спорттық дизайндағы автокөлік:
- Қуаты 381 а.к. 6 цилиндрлі қуатты BMW TwinPower Turbo іштен жану қозғалтқышы
- Жол талғамайтын төрт режим мен xOffroad опциялық пакетінің арқасында кез келген жердегі оңтайлы жүріс сапасы
- Жарықтандыру бар BMW Iconic Glow радиатор торы
BMW X5 xDrive40i:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 9.9-8.5 *Отын шығыны пайдаланылатын отынның сапасына байланысты болады.
WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км: 224-193
ЖАҢА BMW X5 ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

ЖАҢА BMW X5 ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Алдыңғы бөлігінің дизайны.
Үйлесімді дизайнының арқасында бағыттама пішініндегі күндізгі жүріс жарықтары бар динамикалық жарықдиодты шамдар және жарықтандыруы бар BMW Iconic Glow радиатор торы жаңа BMW X5 көлігіне ерекше әсерлі сырт келбет береді.

Жанынан көрінісі.
Жаңа «Сұр графит металл» лак-бояу жабыны, жаңа ауатартқылар мен опциялық 22" BMW Individual жеңіл қорытпалы дискілер жаңа BMW X5 көлігінің айрықша даралығын айшықтайды.

Артқы бөлігінің дизайны.
Жаңа жарықдиодты артқы шамдар үш өлшемді дизайны мен «Х» әрпі түріндегі стилінің арқасында әсіресе динамикалық әрі заманауи көрінеді. Артқы бөлігінің көркем ажарын «Күміс мұздақ» түсіндегі қорғаныш панелі толықтырады.
ЖАҢА BMW X5 ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

ЖАҢА BMW X5 ИНТЕРЬЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ЖАҢА BMW X5 ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

ЖАҢА BMW X5 КӨЛІГІНДЕГІ ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН ЖҮЙЕЛЕР.
ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ.
- xOffroad пакеті: жол талғамайтын 4 режимнің арқасында әртүрлі жол жағдайларына оңтайлы бейімделу Тіркемені сүйреп жүру көмекшісі: жалғанған тіркемемен оңай маневрлеуProfessional жүргізу көмекшісі: қауіпсіздікті көбірек қамтамасыз ету мақсатында жүргізушіге көмекТұраққа қою көмекшісі: қиын жағдайлардың өзінде автоматты тұраққа қою
Суретте көрсетілген автокөлік сатылымда қолжетімсіз. Функцияларды көрсетуге ғана арналған.




xOffroad пакеті.
Тіркеме сүйреп жүру көмекшісі.
Professional көлік жүргізу көмекшісі.
Тұраққа қою көмекшісі.




ЖАҢА BMW X5 ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.
БЕЙНЕРОЛИКТІ ҚАРАП, БАРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.
- BMW Live Cockpit Professional: проекциялық дисплей, толықтырылған шынайылықты пайдаланып навигациялау және тағы басқасы

BMW Live Cockpit Professional.

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА BMW X5 ЖАЙЛЫЛЫҚ.
БЕЙНЕРОЛИКТІ ҚАРАУ.
- BMW X5 салонының кеңдігі: жүксалғыштың сыйымдылығы үшінші қатар орындықтарымен және оларсыз

BMW X5 салонының кеңдігі.

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА BMW X5 ЖАЙЛЫЛЫҒЫ.

Comfort пакеті.
Орындықтарды, рульді және шынтақ сүйегіштерді жылыту жүйесі денеге жағымды жылу береді. Орталық консольде орналасқан термостакан қойғыштар сусыныңызды жылытады немесе салқындатады.

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі.
Bowers & Wilkins Diamond Surround аудиожүйесі автокөліктің ішіндегі кез келген орыннан дыбыстың үздік студиялық сапасынан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Sky Lounge панорамалық әйнек төбесі.
Жарықдиодты жарықтандыру жүйесінің арқасында Sky Lounge панорамалық әйнек төбесі салонның кеңдігін көрсетеді, ал қараңғы уақытта айрықша атмосфера жасайды.
ЖАҢА BMW BMW X5 XDRIVE50E ЖҮРГІЗУДІҢ САН ҚЫРЛЫ ӘСЕРЛЕРІ.
Электр тарту күшімен жүріс қоры 110 км дейін
Зарядтық қуаты 7,4 кВтч дейін екі есе ұлғайтылды
Ұлғайтылған жалпы қуаты 360 кВт (489 а.к.)
250 км/сағ дейінгі жылдамдық және 100 км/сағ дейін жылдамдықты 4,8 секундта үдету арқылы көлік жүргізуден алатын ең жоғары спорттық әсерлер
CO2 шығарындылары 26–18 г/км дейін азайтылды

BMW CHARGING. ЖЕҢІЛ ӘРІ ОҢАЙ. ҚАШАН БОЛСЫН. ҚАЙДА БОЛСЫН.
ЖАҢА BMW X5 АРНАЛҒАН ТҮПНҰСҚА BMW АКСЕССУАРЛАРЫ.
BMW түпнұсқа аксессуарлары автокөлігіңізді жеке қажеттіліктеріңізге қарай бейімдеуге мүмкіндік береді: ұсынылатын барлық өнімдер сапа, дизайн және жұмыс сипаттамалары тұрғысынан сіздің жаңа BMW X5 көлігіңізге мінсіз сәйкес келеді.
- Аксессуарлар
- M Performance аксессуарлары

BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro.
Қандай да бір оқыс оқиға болған жағдайда, QHD және Full-HD форматтағы камералары бар BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro бейнетіркегіші автокөліктің алдында және артында болып жатқанның барлығын автоматты түрде түсіріп алады.

Travel & Comfort жүйесіндегі планшетке арналған BMW Pro ұстағышы.
BMW қорғаныс қабы бар планшеттерге арналған сенімді бекіту. Түрлі қалыпта және түрлі бұрышпен бекітуге болатын ұстағыш Travel & Comfort опциялық жүйесіне немесе базалық кронштейнге бекітіледі.

BMW артқы жүксалғыш боксы.
BMW артқы жүксалғыш боксы саяхаттарда таптырмастай ыңғайлы: ол қосымша 300 литр жүксалғыш көлемін ұсынады, ал жүктерді салу-алу төбедегі жүксалғыш боксымен салыстырғанда анағұрлым оңай.

Карбоннан жасалған M Performance артқы диффузоры.
Карбоннан жасалған артқы диффузор автокөлікке одан да динамикалық келбет беріп, оның спорттық бейнесін әсерлендіре түседі.

Карбоннан жасалған M Performance алдыңғы сплиттері, оң жақ.
Шабыттандыратын дизайн: карбоннан жасалған M Performance алдыңғы сплиттері автокөліктің эксклюзивтік және динамикалық сырт келбетін әсем айшықтайды.

M Performance руль шеңбері.
Маңызды фактілер: спорттық стильдегі рульдің ұстайтын аймағы Alcantara материалымен қапталған, соның арқасында руль қолға ұстағанға ыңғайлы, одан да айқын кері байланыс пен автокөлікті толық бақылау сезімін қамтамасыз етеді.
ЖАҢА BMW X5 ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ.
BMW X5 xDrive40i.
Қуаты, а.к.: | 280 (381) |
Үдеу 0-100 км/сағ, с: | 5.4 |
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: | 9.9-8.5 |
WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: | 224-193 |

BMW ҚЫЗМЕТТЕРІ.

BMW қызметтері Сізге сапарға шыққанда барлық уайымыңызды ұмыттырады.
- BMW Service Inclusive бағдарламасы Сізге автокөлікті, микросүзгіні немесе тежегіш сұйықтығын бекітілген ақыға тексеру сияқты техникалық қызмет көрсету арқылы шығындардың 100 пайыздық ашықтығын қамтамасыз етеді.Бұзылған немесе апат болған жағдайда, жол бойындағы көмек Сізге жылына 365 күн тәулік бойы тегін қолжетімді
Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
BMW X5 xDrive40i:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 9.9-8.5 *Отын шығыны пайдаланылатын отынның сапасына байланысты болады.
WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км: 224-193
Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр энергиясын тұтыну және электр тарту күшіндегі жүріс қоры туралы ресми деректер алдын ала жазылған өлшеу үрдістеріне сәйкес анықталған және Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасына сәйкес келеді. WLTP циклі бойынша деректер мәндерінің диапазоны қосымша жабдықтың пайдаланылғанын есепке алады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралы түрінің мақұлдауын алған автокөліктер үшін ресми деректер тек WLTP циклі бойынша анықталған. WLTP және NEDC өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпаратты www.bmw.de/wltp сайтынан таба аласыз