Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.
BMW X7 M60i
Жаңа BMW X7 M60i xDrive жоғары жұмыс өнімділігімен, М автокөлігіне тән дизайнмен және максималды функционалдылығымен таң қалдырады.
- 8V-цилиндрлі қуаты 390 кВт (530 а.к.) M TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы.
- Көптеген экстерьер мен интерьер элементтері M стиліне тән стильде жасалған.
- Керемет кең салон және ықшамды спорттық дизайндағы барлық үш қатар орындардағы теңдессіз жайлылық деңгейі.
BMW X7 M60i xDrive:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде): 12.9-12.1
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде): 292-274
BMW X7 M60i xDRIVE: ӨНІМДІЛІК.
Трансмиссия, аспа және динамикалық сипаттамалары.
BMW X7 M60i.
- V8-цилиндрлі қуаты 530 а.к. M TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы
- 8-сатылы Steptronic Sport беріліс қорабы
- M екі осьті пневматикалық аспасы
- 390 кВт (530 а.к.), 750 Нм, 4,7 с ішінде 0-100 км/сағ
BMW X7 M60i: ӨНІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ЖАҢА BMW X7 M60i ЖҮРІС ДИНАМИКАСЫ МЕН ДИЗАЙН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

- Динамика
- Экстерьер
- Интерьер

8-цилиндрлі M TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы.
8-цилиндрлі M TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы әртүрлі инновациялық шешімдердің басын қосқан: электронды басқарылатын қайта өткізу қысымтығындары бар екі турбоайдауыш, алмасатын шығару коллекторы, әлдеқайда қуатты электроника мен уақытпен тексерілген BMW жүйелері. Мұның бәрі таңғаларлық динамикалық сипаттамаларды, жоғары отын тиімділігін және зиянды шығарындылардың төмен деңгейін қамтамасыз етеді.

Пневматикалық M аспасы.
Алдыңғы және артқы осьтердегі пневматикалық M аспасы динамикалық қозғалыстан ерекше жайлы ләззат алуға көмектеседі. Артқы дөңгелектермен бірге бұрылатын Integral Active Steering интегралдық белсенді рульдік басқару автокөліктің басқарылуын және маневр жасау қабілетін одан да жақсартады.

Спорттық M дифференциалы.
Спорттық M дифференциалы қатар ауыстырғанда немесе бұрылыстан шығып үдеткенде, шұғыл бұрылыстан жылдамдықпен өткенде немесе әртүрлі жабынды жолдармен жүргенде тарту күші сипаттамалары мен бағыт тұрақтылығын оңтайландырады. Тарту күшін беру электронды басқарылатын құрылғыны қолдану арқылы оңтайландырылған, бұл артқы дөңгелектер жиілігіндегі айырмашылықты азайтады.

Шанақтың алдыңғы бөлігінің дизайны.
Жарықты бөлу функциясы бар алдыңғы қос шамның жаңа интерпретациясы BMW X7 M60i моделінің люкс класты автокөліктерге жататынын білдіреді. М логотипі бар фирмалық радиатор торы мен ерекше артқы көрініс айналары М сериялы модельдерге тән динамика туралы айқын айтып тұрғандай.

Жанынан көрінісі.
Жанынан қараған кезде динамикалық келбеті мен «қара металл» түсінің ерекше мән берілген тұстары BMW X7 M60i моделіне тартымды спорттық келбет сыйлайды. Air Breather ауаарнасының жанындағы эксклюзивтік М логотипі де автокөліктің спорттық мінезін айшықтайды.

Шанақтың артқы бөлігінің дизайны.
Жалпақ жолтабан, шығару жүйесінің әдемі қосарлы келтеқұбырлары екі жақтан және модельдің эксклюзивтік логотипі жаңа BMW X7 M60i моделінің тамаша динамикасы туралы айқын айтып тұр.

Былғарымен қапталған М рулі.
Көп функциялы пернелері, М эмблемасы мен жүргізушінің орнатылған қауіпсіздік жастықшасы бар М былғары рулі үш шабақты дизайнымен көз тартады. M түстеріндегі тігісі бар және ұстайтын аймақтары пішінделген, Walknappa қара былғарысымен қапталған күшейтілген руль шеңбері, сондай-ақ руль астындағы желектер спорттық көлік жүргізуден толық ләззат алуға мүмкіндік береді.

Иілген BMW дисплейі және M жарықтандыру жолағы
BMW иілген дисплейіне 12,3 дюймдік аспаптар тақтасының дисплейі және диагоналі 14,9 дюймдік сенсорлық орталық дисплей кіреді. Барлық маңызды ақпарат осы жерде көрсетіледі. Жаңа М жарықтандыру жолағы декоративті төсемнің астында орналасқан және призмалық құрылымымен, сондай-ақ эксклюзивті М стилімен таңғалдырады.

7 орынды салон.
BMW X7 M60i xDrive стандартты жинақтамасында жеті орын бар. Опция ретінде 6 орынды нұсқасы қолжетімді. 2-ші қатардағы екі жеке жылжымалы және реттелетін орындықтардың арқасында сіздің жолаушыларыңыз жоғары жайлылық деңгейінен ләззат алады.
ЖАҢА X7 M60i xDRIVE ӘСЕРІ.
ЖАҢА BMW X7 M60i xDRIVE ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
КҮШТІ АУАТАРТҚЫЛАРЫ БАР ШАНАҚТЫҢ КӨРКЕМ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ.
МІНСІЗ ҮЙЛЕСІМ МЕН САЛОНДАҒЫ КЕРЕМЕТ ЕРКІН КЕҢІСТІК.
СПОРТТЫҚ ӘРІ ЗАМАНАУИ АРТҚЫ БӨЛІГІ.
КӨМІРТАЛШЫҚТАН ЖАСАЛҒАН М АРТҚЫ КӨРІНІС АЙНАЛАРЫНЫҢ КОРПУСТАРЫ. **
КӨПФУНКЦИЯЛЫ М ОРЫНДЫҒЫ.

BMW X7 M60i xDrive G07 LCI шанақ бояуы қыраулы көк (Frozen Marina Bay Blue), алдынан көрінісі, ірі көрініс

BMW X7 M60i xDrive G07 LCI шанақ бояуы қыраулы көк (Frozen Marina Bay Blue), ұшар биіктіктен көрінісі

BMW X7 M60i xDrive G07 LCI Frozen Marina Bay Blue артынан көрінісі (қозғалыста)

BMW X7 M60i xDrive G07 LCI моделі M айнасының карбон қақпақтары

BMW X7 M60i xDrive G07 LCI моделінің көпфункциялы M орындықтары
КҮШТІ АУАТАРТҚЫЛАРЫ БАР ШАНАҚТЫҢ КӨРКЕМ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ.
МІНСІЗ ҮЙЛЕСІМ МЕН САЛОНДАҒЫ КЕРЕМЕТ ЕРКІН КЕҢІСТІК.
СПОРТТЫҚ ӘРІ ЗАМАНАУИ АРТҚЫ БӨЛІГІ.
КӨМІРТАЛШЫҚТАН ЖАСАЛҒАН М АРТҚЫ КӨРІНІС АЙНАЛАРЫНЫҢ КОРПУСТАРЫ. **
КӨПФУНКЦИЯЛЫ М ОРЫНДЫҒЫ.
ЖАҢА X7 M60i xDRIVE ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

ЖАҢА X7 M60i xDRIVE ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ЖАҢА X7 M60i xDRIVE ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
BMW X7 M60i: КОКПИТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
ЖАҢА BMW X7 M60i ЭКСКЛЮЗИВТІК М АСПАПТАР ТАҚТАСЫ, ИНТУИТИВТІК БАСҚАРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ, ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕР МЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АҚЫЛДЫ ЖҮЙЕЛЕРІ.

- Эксклюзивтік М аспаптар тақтасы және басқару концепциясы
- Қосылу мүмкіндіктері және цифрлық сервистер
- Жүргізушіге көмек көрсету жүйесі

Кокпит.
Жарықтандыру жолағы бар эксклюзивтік М аспаптар тақтасы барлық маңызды ақпаратты ыңғайлы оқуға кепілдік береді және кокпике цифрлық технологиялармен эксклюзивтік және заманауи келбет сыйлайды.

BMW Live Cockpit Professional.
Қазір межелі жерге дейін әлдеқайда жайлы әрі қауіпсіз баруға болады: BMW Live Cockpit Professional нұсқасы BMW Live Cockpit Plus-тен одан да көп пайдалы функцияларымен ерекшеленеді. Барлық қажетті ақпарат тура жүргізушінің көзінің алдындағы проекциялық дисплейге шығарылады. Augmented View функциясы нақты уақыт режимінде навигациялық жүйенің визуалды нұсқауларын қоршаған ортамен біріктіреді.

BMW iDrive.
BMW iDrive пен бапталатын BMW 8 операциялық жүйесі автокөліктің жүйелері мен функцияларын интуитивті түсінікті басқартады. Жаңа BMW X7 M60i моделімен : түрту, дауыспен бұйыру, көпфункциялы руль шеңбері немесе Intelligent Personal Assistant ақылды көмекшісі арқылы оңай әрі емін-еркін өзара әрекет етіңіз.

BMW ConnectedDrive жаңартулары.
Әрдайым заманға сай: BMW ConnectedDrive жаңартулары сымсыз байланыс арқылы жүктеледі және жаңа BMW X7 M60i көлігінің ең заманауи функцияларына тұрақты қолжетімділік береді. Оңай әрі ыңғайлы.

Смартфонды біріктіру.
BMW-да смартфонның сүйікті функцияларынан бас тартудың қажеті не? Құрылғыңызды Apple CarPlay немесе Android Auto сымсыз интерфейсі арқылы автокөлікке қосыңыз да, автокөліктің орталық дисплейі арқылы әдеттегі функцияларыңыз пен қосымшаларыңызды пайдалана беріңіз.

Жайлы кіру.
Жайлы кіру жүйесі көліктің барлық есіктерін, соның ішінде жүксалғышты кілтті тікелей пайдаланбай-ақ ашуға мүмкіндік береді. Кілтпен автокөлікке жақындаған кезде, ол жарықты аспаптарды қосып, сізді қарсылап, есіктерді ашады. Сіз өзіңіздің (үйлесетін модельдегі) смартфоныңызда BMW Digital Key цифрлық кілтін қосымша жасап ала аласыз немесе автокөлікті ашу және жабу үшін, сондай-ақ қозғалтқышты іске қосу үшін Key Card кілт-картасын пайдалана аласыз.

Professional көлік жүргізу көмекшісі.
Нағыз әмбебап: Professional жүргізуші көмекшісі қажетті жылдамдық пен алда келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар сіздің BMW көлігіңізді жүріп келе жатқан жолақта ұстайды, қажет болған жағдайда рульдік басқару арқылы түзету әрекеттерін жасайды. Бұл, әсіресе, ұзақ сапарлар кезінде жүргізуден жүктемені алып алуға мүмкіндік береді. Басқа функциялар соғылудың және жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға көмектеседі.

Professional тұраққа қою көмекшісі.
Professional көмекшісі Plus көмекшісінің мүмкіндіктерін автокөлікті автономды (салондағы жүргізушісіз) тұраққа қою функциясымен толықтырады. Ол сіз бұрын өзіңіз жасаған маневрлерді қайталайды. Сіз тек жақын жерде болуыңыз және автоматты маневр жасауды кілтпен бақылауыңыз керек.

BMW Night Vision түнгі көру жүйесі.
BMW Night Vision түнгі көру жүйесі — бұл жаңа BMW X7 M60i көлігін жүргізген кезде, тіпті жол нашар көрінген кезде сізге қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін инфрақызыл сәулеленуді қолданатын көмекші. Жылуға ден қою камерасы арқылы жүйе адамдар мен жануарларды алдыңғы шамдардың жарық аймағына жеткенше 300 метрге дейін қашықтықтан таниды.
ЖАҢА BMW X7 M60i xDRIVE ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ.
BMW X7 M60i xDrive.
Максиалды қуаты, кВт (а.к.): | 390 (530)* |
100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету, с: | 4,7* |
Отын шығыны, аралас цикл, л/100 км: | 12.9-12.1* |
CO2 шығарындылары, г/км:, аралас цикл: | 292-274* |

ЖАҢА BMW X7 M60i xDRIVE ҮШІН BMW ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫ.
Түпнұсқа BMW аксессуарлары барлық өзіндік ерекше қажеттіліктеріңізді қанағаттандыруға көмектеседі: алуан түрлі жеке опциялар сапа, дизайн және өнімділік тұрғысынан жаңа BMW X7 M60i xDrive көлігіне мінсіз сәйкес келеді

Y-spoke 752 Jet Black 21" BMW жеңіл қорытпалы дискілері
Жоғары сапалы 21 дюймдік BMW Y-spoke 752 жеңіл қорытпалы дискілері түсі қара Jet Black. Қысым датчигі мен Run‑Flat технологиялы шиналары бар 9.5J x 21 өлшемді қыстық дөңгелектер жинағы. Сырғанауға қарсы шынжырмен бірге жүретін түрлері қолжетімсіз.

BMW 520 жоғарғы жүк боксы, қара / күміс титан.
«Күміс титан» түсіндегі бүйір жиегі бар қара түсті, көлемі 520 литрлік құлыпталатын жоғарғы жүк боксы екі жағынан да ыңғайлы ашылатынымен ерекшеленеді және барлық BMW көлдөнең жақтауларымен үйлеседі.

Travel & Comfort жүйесіне арналған BMW киім ілгіштері.
Киім ілгіштер базалық кронштейнге немесе Travel & Comfort опциялық жүйесіне бекітіледі. Сондай-ақ оларды автокөліктен тыс жерде пайдалануға болады.
ОТЫН ШЫҒЫНЫ ЖӘНЕ CO2 ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ.
BMW X7 M60i:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде): x,x–x,x*
CO2 шығарындылары, г/км (аралас циклде): xxx–xxx*
* белгісі бар деректер бастапқы деректер болып табылады.
** Опция ретінде ұсынылады.
Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр энергиясын тұтыну және электртартымдағы жүріс қоры туралы ресми деректер алдын ала жазылған өлшеу үрдістеріне сәйкес алынған және Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасына сәйкес келеді. WLTP циклі бойынша жүріс қоры деректерінде қосымша жабдықтың пайдаланылуы есепке алынды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралы түрінің мақұлдауын алған автокөліктер үшін ресми деректер тек WLTP циклі бойынша анықталған. WLTP және NEDC өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпаратты www.bmw.de/wltp сайтынан таба аласыз
ОТЫН ШЫҒЫНЫ ЖӘНЕ CO2 ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ.
BMW X7 M60i xDrive:
Отын шығыны, л/100 км (аралас циклде): 12.9-12.1
СО2 шығарындылары, г/км (аралас циклде): 292-274
«*» белгісі бар барлық мәндер бастапқы мәндер болып табылады.
Отын шығынының, СО2 шығарындысы және электр энергиясын тұтыну деңгейінің мәндері Еуропалық Одақтың (ЕО) типті бекіту кезінде қолданылған редакциядағы № 715/2007 директивасына сәйкес анықталды. Көрсеткіштер Германия нарығында ұсынылатын базалық жинақтамадағы автокөлікке қатысты, ал мәндер диапазоны қосымша жабдықтарды орнату, таңдалған модель үшін ұсынылатын дөңгелек дискілері мен шина түрлерінің әртүрлі нұсқаларын пайдалану мүмкіндіктерін ескере отырып көрсетілген.
CO2 шығарындыларының деңгейі 1999/94/EC директивасына және қолданыстағы Еуропалық регламенттің редакциясына сәйкес айқындалады. Жіктеу мақсаттары үшін ұсынылған мәндер отын шығыны, CO2 шығарындылары және NEDC циклінде электр энергиясын тұтыну деңгейі туралы деректерге негізделген.
Жаңа жеңіл автокөліктер үшін ресми отын шығыны және СО2 шығарындыларының дәл мәндері туралы толығырақ ақпарат «Жаңа жеңіл автокөліктердің отын шығыны, СО2 шығарындылары мен электр энергиясын тұтыну деңгейі» анықтамалығында келтірілген. Анықтамалық дилерлік орталықтарда және мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.dat.de/e10
Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
- Disclaimer reference invalid