Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.
BMW XM ЖӘНЕ BMW XM 50e.
BMW XM:
Аралас циклдегі (WLTP) отын шығыны, л/100 км: 1,7–1,6
Аралас циклдегі (WLTP) СО2 шығарындылары, г/км: 39–35
Аралас циклде (WLTP) энергия тұтыну, кВт·сағ/100 км: 34,5–33,0
BMW XM 50e:
Аралас циклде (WLTP) отын шығыны, л/100 км: 1,5–1,4
Аралас циклдегі (WLTP) СО2 шығарындылары, г/км: 35–31
Аралас циклде (WLTP) энергия тұтыну, кВт·сағ/100 км: 34,0–32,5
BMW XM АВТОКӨЛІКТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.
Күш қондырғысы, жүріс бөлігі және динамика.
BMW XM.
- BMW M Hybrid, M High-Performance бірінші электрцифрланған жетегі
- Өнімділігі жоғары 8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы.
- Жоғарғы қозғалыс динамикасына арналған M Professional бейімделетін аспасы
- M Sport дифференциалы бар M xDrive жүйесі
- 653 а.к., айналдыру сәті 800 Нм, үдеу 4,3 с ішінде 0–100 км/сағ
BMW XM 50e.
- BMW M Hybrid
- Қатарлы 6 цилиндрлік BMW M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы
- Жоғарғы қозғалыс динамикасына арналған M Professional бейімделетін аспасы
- M Sport дифференциалы бар M xDrive жүйесі
- 475 а.к., айналдыру сәті 700 Н·м, үдеу 5,1 с ішінде 0–100 км/сағ с[1]
- BMW XM.
- BMW XM 50e.
THE BMW XM.
BMW XM ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫ.


Алдыңғы бөлігінің дизайны.
BMW жоғарғы класының стиліне тән фирмалық алдыңғы бөлігі Iconic Glow радиатор торының жарығымен және М-ға тән жіңішке күндізгі жүріс жарықтарымен тамсандырады. BMW XM логотипі бар радиатордың мәнерлі торы және Night Gold түсінің эксклюзивті акценттері автокөліктің сән-салтанаты мен талғампаздығын айрықша етіп көрсетіп тұр. Қуатты бедерлі шанақтың сызықтары екі әсерлі шоқыға бірқалыпты айналады.

Бүйір жағының көрінісі.
Купе стиліндегі әсерлі дизайн осы қырынан қарағанда экстерьердің мәнерлі пропорцияларымен және бірегей ерекшеліктерімен, мысалы бүкіл BMW модель қатарындағы ең қараңғы терезелермен, үйлеседі. 23" құймалы дискілер және акценттік сызық BMW XM автокөлігіне көбірек қуаттылық беріп, Night Gold контраст түсінің арқасында оның дизайнын айрықша эксклюзивті етеді.

Артқы бөлігінің дизайны.
Тік алтыбұрышты қосарланған М газ шығару құбырлары диффузордың алтын акценттерімен және «ХМ» логотипімен бірігіп, артқы бөлікке бірегей түр береді. Артқы әйнектің бүйірлерінде лазермен ойып жазылған екі «BMW» логотипі BMW M1 моделін меңзеп тұр. Қанаттарға дейін алыс баратын артқы шамдар дөңгелек доғалармен бірге модельдің қуатты әрі берік болмысын айшықтап тұр.
BMW XM ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫ.
Бағдарламалық құрал тұрақты түрде жаңарып тұратындықтан, көрсетілген индикация түрі сіздің автокөлікте берілген түрден өзгешеленуі мүмкін.


Жарықты төбе.
Шағылысқан жарықты төбе үшөлшемді призма тәрізді құрылымымен тамсандырады. Бірегей ыңғайлы жарық тиімді жарық сценарийлерін, мысалы сәлемдесу сценарийін, іске асыруға мүмкіндік береді. Түсті қалауыңыз бойынша қозғалыс режимі мен жүргізуші көңіл-күйіне қарай бейімдеуге болады.

M Lounge артқы орындығы.
M Lounge артқы орындығы бірегей кеңдікті ұсынады. Бүтін орындық және бас сүйегіштердегі ромб тәрізді құрылымдар мен сәнді жіктің суреті сияқты бөлшектер салонның жоғары жайлылығы мен сән-салтанатын сезінуге мүмкіндік береді. Шағылысқан жарығы бар бедерлі төбемен, қараңғы әйнектермен және жайлы жастықтармен бірге олар кеңістікті жаңаша қабылдауды қамтамасыз етеді.

Vintage эксклюзивті былғарысы.
Винтаждық әсері бар былғары өзінің табиғи құрылымы және текстурасымен таңғалта отырып, есіктер қаптамасында және алдыңғы панельде кербез екпіндер салады. Бұл материал алғаш рет және тек BMW XM үшін пайдаланылады, ал арнайы өңдеу мен қаптау әдстері әр автокөлікте стиль бірегейлігі мен даралығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
BMW XM ҚОЗҒАЛЫС ДИНАМИКАСЫ.


Қосылатын гибридтің 8 цилиндрлі V тәрізді қозғалтқышы.
Қосылатын гибридтің 8 цилиндрлі V тәрізді қозғалтқышы көлік айдаудан айрықша шаттық сыйлайды және қуатты сенімді түрде жинаумен әрі М мәнерлі дыбысымен ерекшеленеді. Өнімділігі жоғары 4,4 литрлік V8 қозғалтқышының және қуаты 197 а.к. электрқозғалтқыштың асқан шеберлікпен өзара әрекеттесуінің арқасында олардың жиынтық қуаты 653 а.к. құраса, ал айналдыру сәті 800 Нм-ге жетеді. Осы үйлесім BMW XМ-ні сенімді қозғалыспен қамтамасыз етеді.

M Professional бейімделетін аспасы.
М бейімделетін аспасы жайлылыққа теріс әсер етпей, спорттық басқарымдылығымен таңғалдырады. Интегралды белсенді руль автокөлікті жоғары жылдамдықтарда тұрақтандырады әрі бұрылыс радиусын қысқартады. Белсенді тұрақтандырғыштар шанақтың қисаюын баса отырып, қозғалыс динамикасы мен жайлылықты жақсартады.

M Sport дифференциалы.
M Sport дифференциалы автокөлігіңіздің жолдағы максималды мүмкін динамикасымен қамтамасыз етеді. Бұрылыстан шыққанда үдету кезінде болсын, бұрылыстардан жоғары жылдамдықтарда өткенде немесе сол және оң дөңгелектер жабындары әртүрлі беттерді орналасатын жағдайларда болсын – түрлі жағдайларда тартылысты оңтайландыру және бағдарлық тұрақтылық үшін ол айналдыру сәтін артқы дөңгелектерде қайта үлестіреді.
BMW XM – ӘСЕРЛЕР.
Экстерьердің мәнерлі дизайны және әсерлі интерьер – жаңа BMW XM жоғары динамикамен және электрлендірілген жетекпен сән-салтанатты үйлестіреді.
Купе тәрізді танымал силуэт: Night Gold түсті акцентті сызық жадыңызға BMW M1-ді салады.
Ұзартылған, керемет әрленген шанақты экспрессивті дизайн.
Шанақ сызықтарында радиатор торының мәнерлі пішіндері жалғасқан.
Әсерлі жайлы жарығы бар M Lounge артқы орындығындағы салтанатты атмосфера.
Бас сүйегіштердегі жарықтандырылған «М» логотиптері бар, жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М көпфункционалды орындықтары.
Vintage былғарысымен қапталған және Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound біріктірілген аудиожүйесі бар есіктердің кербез екі түсті дизайны.

BMW XM G09, экстерьер, бүйір жағынан көрінісі, жүріп бара жатыр

BMW XM G09, панельдер, шанақтар дизайны

BMW XM G09, шанақ және радиатор торы

BMW XM G09, салтанатты атмосфера

BMW XM G09, жарықтандырылған «M» логотиптері бар көпфункционалды орындықтар

BMW XM G09, Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі
Купе тәрізді танымал силуэт: Night Gold түсті акцентті сызық жадыңызға BMW M1-ді салады.
Ұзартылған, керемет әрленген шанақты экспрессивті дизайн.
Шанақ сызықтарында радиатор торының мәнерлі пішіндері жалғасқан.
Әсерлі жайлы жарығы бар M Lounge артқы орындығындағы салтанатты атмосфера.
Бас сүйегіштердегі жарықтандырылған «М» логотиптері бар, жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М көпфункционалды орындықтары.
Vintage былғарысымен қапталған және Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound біріктірілген аудиожүйесі бар есіктердің кербез екі түсті дизайны.
BMW XM LABEL RED «АЯЗДЫ ҚАРА КАРБОН» ТҮСІНДЕ.

- Қатаң шектелген шығарылым: «Аязды қара карбон» арнайы түсінде тек 500 автокөлік ұсынылады.
- BMW XM Label Red моделінің ерекшеліктеріне қоса, радиатор торы мен «Қызыл Торонто» түсіндегі диффузор қаптамасы әсерлі акценттер қояды.
- Қызыл түсті кербез бөлшегі: орталық дисплей астындағы орталық консольдегі «1/500» жазуы
ЖАҢА BMW XM 50e.
ЖАҢА BMW XM 50e ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.


Қуатты жетек.
Жинақталған 475 а.к. қуаты және 700 Нм айналдыру сәті BMW XM 50e гибрид жетегіне жолдың алғашқы метрлерінен-ақ өзінің көрнекі қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. 197 а.к. қуаты бар электрқозғалтқыштың және қуатты қатарлы 6 цилиндрлі бензинмен жүретін қозғалтқыштың дәлме-дәл өзара әрекеттестігі қуатты сенімді әрі қарқынды алуды қамтамасыз етеді.

Әсерлі қозғалыс динамикасы.
Жаңа BMW XM 50e алдыңғы жағындағы арнайы кергіштер шанақтың қатаңдығын оңтайландырады. Нәтижесі – анағұрлым жоғары басқару дәлдігі және тіпті ең серпінді маневрлердің өзіндегі траекториялық тұрақтылық.

Мәнерлі кербездік.
«Жылтыр қара» түсінің бөлшектері және қара акценттік жолақ «Сары Сан-Пауло» түсті әсерлі лак-бояу жабынымен тамсандыратын контраст жасайды. Күміс қаптамалы «М» логотипі және 23" M құймалы дискілері жаңа BMW XM 50e экспрессивті сыртқы бейнесін толықтырып тұр.
BMW INDIVIDUAL.




ХМ МОДЕЛЬДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЛАК-БОЯУ ЖАБЫНДАРЫ.
Даралықтан асқан нәрсе жоқ. Сіздің BMW XМ-дің эксклюзивті лак-бояу жабындары сізге мінезіңізді және дара стиліңізді көрсетуге мүмкіндік береді. Жоғары сапасымен ерекшеленетін BMW Individual алуан түрлі лак-бояу жабындары автокөліктің спорттық сыртқы көрінісін өз қалауыңызға сай келтіруге мүмкіндік береді. Арнайы лак-бояу жабындары туралы толық ақпаратты алу үшін BMW ресми дилерлеріне жүгініңіз.
BMW XM ГИБРИДТІ АВТОКӨЛІКТЕРІН ЖҮРГІЗУДЕН АЛАТЫН САН ҚЫРЛЫ СЕЗІМДЕР.
Зарядтауға және электртартымда жүруге арналған инновациялық технологиялар.


M Hybrid.
Электртартымда жүру мен гибридті режим арасында ауысу электрқозғалтқыштың және қуатты бензинмен жүретін қозғалтқыштың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін түймені басу арқылы іске асырылады. Бұл ретте интеллектуалды қозғалыс режимдері көлік айдаудан ең жарқын деген әсерлерді алуға мүмкіндік береді.

Электртартымда жүру.
Қаласаңыз, BMW XM автокөліктерінің BMW eDrive электр жетекті жүйесі тек электртартымда жүруге (мысалы, қалаларда) мүмкіндік береді. Яғни іс жүзінде шуылсыз және зиянды шығарындылардың нөлдік жергілікті деңгейімен жүресіз.

BMW Charging.
КОКПИТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.

- Ерекше құралдар және М басқару тұжырымы
- Байланыс мүмкіндіктері және цифрлық сервистер

М ерекше құралдарының BMW 8 операциялық жүйесінің арқасында көрсетілуі.
BMW 8 операциялық жүйесі автокөлік функцияларын жеңілірек басқаруға мүмкіндік береді, мысалы дауыс немесе Ее сенсорлық экранының көмегімен М үшін сипатты ерекшелігі дизайн: 2D форматындағы контент «М» логотипімен толықтырылып тұрған, жоғарғы көрсету анықтығымен ерекшеленеді. M – ROAD және SPORT екі режимі – сапарлардан дара жарқын эмоциялар алуға мүмкіндік береді.

BMW Curved Display.
BMW Curved Display монолитті иілген дисплейі автокөлік туралы ақпаратты үлкен ауданда анық топталған түрде көрсетеді. Ол аспаптық панельдің 12,3 дюймдік дисплейі мен 14,9 дюймдік сенсорлық орталық дисплейдің тіркесімі болып табылады. Түйсікпен түсінікті басқару эргономика тұрғысынан оңтайландырылған. Дисплей алдыңғы панельге әдемілеп біріктірілген және барлығының назарына түседі.

M Setup.
M Setup мәзірінің арқасында көлік айдаудан өзіңіз нақты қалаған әсерді аласыз. Мәзір қозғалыс динамикасының параметрлерін сіздің жеке қалауларыңызға сәйкес баптауға мүмкіндік береді. Жетек жүйесін, жүріс бөлігін, рульді, тежегіш жүйесін, энергия рекуперациясы және M xDrive толық жетек жүйесін реттеуге болады. Сақталған баптауларды руль дөңгелегіндегі М1 және М2 түймелерін басып, жадтан оңай шақырауға болады

Дербес eSIM.
Телефонмен сөйлесу не деректерді жіберу болсын, дербес eSIM арқасында сіз BMW автокөлігіңізде ұялы байланысыңыздың тарифтік жоспарын пайдалана аласыз. Бұл ретте смартфоныңыздың болуы міндетті емес. Қабылдау сапасын жақсарту автокөліктің сыртқы антеннасын автоматты пайдаланудың арқасында қамтамасыз етіледі. Бұдан да жайлырақ: Сіздің BMW автокөлігіңіз 5G желілерімен істейді және Wi-Fi қосылу нүктесін ұсынады.[2]

Ыңғайлы қолжетімділік.
Автокөлік кілтін алу керектігін ұмытыңыз: ыңғайлы қолжетімділік жүйесінің арқасында М автокөлігіңіз есіктерді автоматты ашады. Автокөлік сізді кілтіңіз бойынша қашықтан таниды – енді кілтті қалтадан іздеудің керегі жоқ. Классикалық кілттің орнына сіз сондай-ақ сәйкес смартфондағы Digital Key цифрлық кілтін немесе кілт-картаны пайдалана аласыз.

Сымсыз зарядтау.
Көбірек тәртіп, көбірек ыңғайлылық: сымсыз зарядтау құралы смартфонды өте ыңғайлы зарядтауға мүмкіндік береді. Үлкен бөлімі үлкен өлшемді құрылғы үшін де жеткілікті орын береді – ол ыңғайлы жерде орналасқан және оның титыққа тиетін қақпақтары және шатасып қалатын сымдары жоқ. Оған қоса барынша мүмкін қауіпсіздікпен толықтырылған: орнатылған салқындату функциясы құрылғыңызды қызып кетуден қорғайды.
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
АНИМАЦИЯЛАНҒАН БЕЙНЕЛЕРДІҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.




Professional жүргізу көмекшісі: қауіпсіздікпен көбірек қамтамасыз ету мақсатында жүргізушіге көмек
BMW тіркемесін сүйреп жүру көмекшісі: тіркелген тіркемемен қарапайым маневрлеу
BMW Digital Key цифрлық кілті: автокөлікті ашу-жабу, сондай-ақ қозғалтқышты іске қосу кілті
BMW Live Cockpit Professional: проекциялық дисплей, толықтырылған шынайылықты пайдаланып навигациялау және тағы басқа




BMW ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫ.
BMW түпнұсқа аксессуарлары автокөлігіңізді жеке қажеттіліктеріңізге қарай бейімдеуге мүмкіндік береді: ұсынылатын барлық өнімдер сапа, дизайн және жұмыс сипаттамалары тұрғысынан сіздің BMW XM көлігіңізге мінсіз сәйкес келеді.

BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro.
BMW Advanced Car Eye 3.0 – бұл автокөліктің алдында, артында және тұрақта болып жатқанның барлық оқиғаны тіркейтін QHD және Full-HD форматындағы жоғары сапалы камералары бар бейнетіркегіш. Егер жүйе дірілдерді немесе автокөлік қасында оғаш қозғалыстарды сезсе, автоматты түрде жаза бастап, ықтимал оқыс оқиғалар мен бұзып кіру әрекеттерін құжаттайды.

Велосипедтерді тасуға арналған BMW Pro 2.0 артқы кронштейні.
BMW Pro 2.0 велосипедтерді тасуға арналған, жеңіл болса да, мықты артқы кронштейні 60 кг дейінгі салмақты көтереді. Оны пайдалану өте оңай және ең көбі екі велосипед не электрвелосипедті тасуға арналған (қажет болса үш данасын тасу үшін жетілдіруге болады). Еңкею функциясы жүксалғышқа ыңғайлы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

BMW Pro планшет ұстағышы.
BMW қорғаныс тысқабы бар планшеттерге арналған сенімді бекіту. Түрлі орындарда және түрлі бұрыштармен бекітуге болатын ұстағыш Travel & Comfort опциялық жүйесіне немесе базалық кронштейнге бекітіледі.
BMW XM АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ.
BMW XM.
Қуаты, кВт (а.к.): | 480 (653) [10] |
Үдеу 0–100 км/сағ, с: | 4,3 |
Аралас циклдегі (WLTP) отын шығыны, л/100 км: | 1,7-1,6 |
Аралас циклдегі (WLTP) CO2 шығарындылары, г/км: | 39–35 |

СЕРВИС ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР
BMW XM АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН PROACTIVE CARE ЖҮЙЕСІ.

Proactive Care жүйесі таяп қалған техникалық қызмет көрсету немесе автокөлігіңізді жөндеу мерзімін автоматты танып, сіздің есіңізге уақытылы салады.
- BMW мамандарынан жедел көмек
- Қашықтан көмек көрсету арқасында мәселелерді жою
- Ықтимал сынулардың алдын алу
- Қосымша жеке сервистік ұсыныстар
- ConnectedDrive белсенді шартының тегін құрама бөлігі
Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
BMW XM:
Аралас циклдегі (WLTP) отын шығыны, л/100 км: 1,7–1,6
Аралас циклдегі (WLTP) СО2 шығарындылары, г/км: 39–35
Аралас циклде (WLTP) энергия тұтыну, кВт·ч/100 км: 34,5–33,0
BMW XM 50e:
Аралас циклде (WLTP) отын шығыны, л/100 км: 1,5–1,4
Аралас циклдегі (WLTP) СО2 шығарындылары, г/км: 35–31
Аралас циклде (WLTP) энергия тұтыну, кВт·сағ/100 км: 34,0–32,5
Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр энергиясын тұтыну және электртартымдағы жүріс қоры туралы ресми деректер алдын ала жазылған өлшеу үрдістеріне сәйкес алынған және Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасына сәйкес келеді. WLTP циклі бойынша мәндер аралығы көрсетілген жағдайда олар қосымша жабдықтың болуын есепке алады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралы түрінің мақұлдауын алған автокөліктер үшін ресми деректер тек WLTP циклі бойынша анықталған. Бұған қоса ЕО 2022/195 директивасына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап NEDC циклі бойынша деректер сәйкестік сертификатынан алынып тасталады.
NEDC және WLTP бойынша өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпаратты www.bmw.de/wltp сайтынан берілген.
Нақты модельдер үшін отын шығыны және CO2 шығарындылары туралы ресми деректер туралы толығырақ ақпарат Deutsche Automobil Treuhand GmbH (DAT), Hellmuth-Hirth-Str. 1, 73760 Ostfildern-Scharnhausen, Germany компаниясының барлық сату нүктелерінде тегін алуға болатын «Жаңа автокөліктердің отын шығыны, CO2 шығарындылары және электр энергиясын тұтыну бойынша директивада» және https://www.dat.de/co2/ сайтында берілген.