BMW X6 G06 LCI
Аралас циклдегі жанармай шығыны12.3–11.4 л/100 км
Қозғалтқыш және отын түріБензин

THE X6

ЖАҢА BMW X6.

Аралас циклдегі жанармай шығыны12.3–11.4 л/100 км
Қозғалтқыш және отын түріБензин
THE X6ЖАҢА BMW X6.

Жаңа BMW X6 — бұл спорттық қозғалыс серпінін шымыр дизнайнмен және салтанатты жабдықпен үйлестіретін автокөлік:

  • Қуаттылығы 530 а.к. BMW M TwinPower Turbo қуатты 8 цилиндрлік ішкі жану қозғалтқышы
  • xOffroad пакетінің және 8 сатылы спорттық АБҚ Steptronic арқасында қозғалыс кезінде максималды жайлылық
  • Жарығы бар BMW Iconic Glow радиатор торының және базалық жинақтамадағы M Sport пакетінің арқасында әсерлі байсалдылық
  • CraftedClarity әйнек әрлеуі сияқты заманауи технологиялар мен жоғары сапалы материалдар


BMW X6 M60i xDrive:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 12,3-11,4
WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км: 279-258

BMW X6 M40i xDrive: 
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км:  9,6–8,6 
WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км:  218–194

Көбірек оқу

БАЗАЛЫҚ ЖИНАҚТАМАДАҒЫ M SPORT ПАКЕТІ

BMW X6 G06 LCI, M Sport пакеті
  • Сыртқы элементтің аэродинамикалық оңтайландыруы бар спорттық элементтері

  • M бейімделетін аспасы және Sprint функциясы

  • 20" M құймалы дискілері

  • Былғарымен қапталған М руль дөңгелегі, М эксклюзивті тежегіштері және тағы басқа көптеген ерекшеліктері бар спорттық салон

ЖАҢА BMW X6 ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X6 G06 LCI, бейне, экстерьер

ЖАҢА BMW X6 ЭКСТЕРЬЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

BMW X6 G06 LCI, алдыңғы бөлігінің дизайны, алдыңғы жағының көрінісі

Алдыңғы бөлігінің дизайны.

Айқын дизайны алдымен көрсеткі түріндегі күндізгі жүріс шамдары бар жарықдиодты фараларға және жарығы бар BMW Iconic Glow радиатор торына назар аудартатын динамикалық алдыңғы бөлігін сипаттайды.

BMW X6 G06 LCI, бүйір жағының көрінісі

Бүйір жағының көрінісі.

Жаңа «Atlantis металлик» лак-бояу жабыны 22" BMW Individual опциялық құймалы дискілермен үйлесе отырып, автокөліктің жарқын спорттық мінезін айқындайды.

BMW X6 G06 LCI, алдыңғы бөлігінің дизайны, артқы жағының көрінісі

Артқы бөлігінің дизайны.

Шанақ бүйірлері бойынша алшақтатылған М-ге тән газ шығару құбырлары және үш өлшемді жарықдиодты артқы шамдар автокөліктің қуатты байсалдылығын көрсетіп тұр.

ЖАҢА BMW X6 ИНТЕРЬЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X6 G06 LCI, бейне, интерьер

ЖАҢА BMW X6 ИНТЕРЬЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

BMW X6 G06 LCI, кокпиттегі инновациялық басқару элементтері, салон

Инновациялық басқару элементі.

BMW Curved Display үлкен иілген дисплейі және жарық жолағы көпфункциялы басқару органдары ретінде істеп тұр және ауқымды мультимедиалық мүмкіндіктерді іске асыруды қамтамасыз етеді.

BMW X6 G06 LCI, спорттық орындықтар, салон

Базалық жинақтамадағы асқан сапа.

Арқаның бел бөлігін ұстап тұратын эргономикалық спорттық орындықтар максималды жайлылықпен қамтамасыз етеді. Олар да артқы панель секілді сәнді тігістері бар жоғары сапалы жасанды Sensafin былғарысымен қапталған.

BMW X6 G06 LCI, былғарымен қапталған М руль дөңгелегі, салон

Былғарымен қапталған М руль дөңгелегі

Спорттық стильдегі дәл басқару: тоғыны Walknappa қара былғарысымен қапталған және бас бармақтарға эргономикалық тіреулер жасалған былғарымен қапталған М көпфункциялы руль дөңгелегі.

ЖАҢА BMW X6 ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.

BMW X6 G06 LCI, бейне, қозғалыс динамикасы

ЖАҢА BMW X6 КӨЛІГІНДЕГІ ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ.

ЖАҢА BMW X6 ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.

ЖАҢА BMW X6 ЖАЙЛЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

BMW X6 G06 LCI, хрусталь шынымен әрленген кербез элементтер, орталық консольдің ірі планы

Хрусталь шынымен әрленген кербез элементтер.

CraftedClarity басқару органдарының хрусталь әрлемесі беріліс қорабының иінтірегінде, Start/Stop түймесінде және iDrive контроллерінде пайдаланылып, оларға айрықша жоғары сапалы түр береді.

BMW X6 G06 LCI, автоматты 4 аймақтық климат-контроль

Автоматты 4 аймақтық климат-контроль

Автоматты 4 аймақтық климат-контроль алдыңғы орындықтарда және артқы орындықтардың сол және оң жақ орындарында жеке микроклимат жасауға мүмкіндік береді.

BMW X6 G06 LCI, Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі.

Bowers & Wilkins Diamond Surround аудиожүйесі автокөліктің кез келген орнында дыбыстың үздік студиялық сапасынан ләззат алуға мүмкіндік береді.

BMW X6 G06 LCI, Sky Lounge панорамалық әйнек төбе

Sky Lounge панорамалық әйнек төбе.

Жарықдиодты жарықтандыру жүйесінің арқасында Sky Lounge панорамалық әйнек төбесі салонның кеңдігін ерекше көрсетеді, ал қараңғы уақытта айрықша атмосфера жасайды.

ЖАҢА BMW X6 КӨЛІГІНЕ АРНАЛҒАН BMW ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫ.

BMW түпнұсқа аксессуарлары автокөлігіңізді жеке қажеттіліктеріңізге қарай бейімдеуге мүмкіндік береді: ұсынылатын барлық өнімдер сапа, дизайн және жұмыс сипаттамалары тұрғысынан сіздің жаңа BMW X6 көлігіңізге мінсіз сәйкес келеді.

BMW X6 G06 LCI, BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro, аксессуарлар

BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro.

Қандай да бір оқыс оқиға болған жағдайда, QHD және Full-HD форматтағы камералары бар BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro бейнетіркегіші автокөліктің алдында және артында болып жатқанның барлығын автоматты тіркейді. 

BMW X6 G06 LCI, Travel & Comfort жүйесіне арналған BMW Pro планшет ұстағышы, аксессуарлар

Travel & Comfort жүйесіндегі планшетке арналған BMW Pro ұстағышы.

BMW қорғаныс тысқабы бар планшеттерге арналған сенімді бекіту. Түрлі орындарда және түрлі бұрыштармен бекітуге болатын ұстағыш Travel & Comfort опциялық жүйесіне немесе базалық кронштейнге бекітіледі.

BMW X6 G06 LCI, BMW артқы жүксалғыш боксы, аксессуарлар

BMW артқы жүксалғыш боксы.

BMW артқы жүксалғыш боксы саяхаттарда таптырмастай ыңғайлы: қосымша 300 л жүксалғыш көлемін ұсынады, ал жүктерді салу-алу төбедегі жүксалғыш боксымен салыстырғанда анағұрлым оңай.

BMW X6 G06 LCI, «Жылтыр қара» түсті М радиаторының торы, M Performance аксессуарлары

«Жылтыр қара» түсті М радиаторының торы.

Күшті мінез: «Жылтыр қара» түсті тор ламельдері мен тор жақтаулары қуат пен динамиканы бейнелеп тұр. 

BMW X6 G06 LCI, M Performance сыртқы артқы көрініс айналарының карбон қақпақтары, M Performance аксессуарлары

M Performance сыртқы артқы көрініс айналарының карбон қақпақтары.

M Performance сыртқы артқы көрініс айналарының әсерлі карбон қақпақтары автокөліктің жоғары технологиялық сипатын айрықшалай отырып, жеке спорттық акценттерді жайғастырады.

BMW X6 G06 LCI, M Performance карбон артқы спойлері, M Performance аксессуарлары

M Performance карбон артқы спойлері.

M Performance карбон артқы спойлері автокөліктің премиум спорттық түрін одан сайын көрнекілей түсіп, оның аэродинамикасын оңтайландырады.

ЖАҢА BMW X6 ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ.

BMW X6 M60i xDrive.

Қуаты, а.к.:

390 (530)

Үдеу 0-100 км/сағ, с:

4,3

WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км:

12,3–11,4

WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 

279–258

BMW X6 M60i xDrive G06 LCI, техникалық деректер
Сотрудник BMW консультирует клиента по BMW X6 G06 LCI

ЖЕКЕ КЕҢЕС АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Сізде қандай да бір сұрақ туындаса, Сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе BMW X6 бойынша нақты ұсыныс алғыңыз келсе, жақын маңдағы BMW дилеріне хабарласыңыз. Біздің білікті қызметкерлеріміз Сізге телефон арқылы немесе тура дилерлік орталықта қуана жеке кеңес береді.
МОЩЬ И ДИНАМИКА BMW M

BMW M ҚУАТЫ МЕН ДИНАМИКАСЫ

M BMW X6 автокөліктері туралы көбірек біліңіз.

Отын шығыны және CO2 шығарындылары.

BMW X6 M60i xDrive:  
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 12,3-11,4
WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км: 279-258

BMW X6 M40i xDrive: 
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км:  9,6–8,6 
WLTP аралас цикліндегі СО2 шығарындылары, г/км:  218–194

Отын шығыны, СО2 шығарындылары, электр энергиясын тұтыну және электртартымдағы жүріс қоры туралы ресми деректер алдын ала жазылған өлшеу үрдістеріне сәйкес алынған және Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасына сәйкес келеді. WLTP циклі бойынша деректер мәндерінің ауқымы қосымша жабдықтың пайдаланылғанын есепке алады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралы түрінің мақұлдауын алған автокөліктер үшін ресми деректер тек WLTP циклі бойынша анықталған. WLTP және NEDC өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпаратты www.bmw.de/wltp сайтынан таба аласыз

Көбірек оқу