Веб-сайтқа қолжетімділік шектеулі

Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.

Made different.
To feel different.

BMW туралы.

BMW тәсілінің ерекшелігі неде екенін білесіз бе?

Бүгінде автомобиль жасаудың көптеген тәсілі бар. Бірақ BMW — ерекше. Ол өзгеше жасалған. Әрі ерекше әсер сыйлайды. Неліктен деп сұрасаңыз, жауап көп. Біз автомобильдерді әрбір бөлшегіне бар ынтамызды салып әзірлейміз. Оларды мүмкіндіктерінің шегіне дейін сынаймыз. Біз жасайтын дүниенің бәрі бұлжымас стандарттарымызға сай болуы тиіс. Ең бастысы — әрбір BMW сіздің қажеттіліктеріңізді ескере отырып жасалады.
Біз қолданатын технологиялардан бастап, әрдайым және барлық жерде қамқорлығымызды сезінуге мүмкіндік беретін қолдауға дейін. BMW тәсілімен танысыңыз. Ал одан да жақсысы — BMW руліне отырған сайын оны өзіңіз сезініңіз. «ӨЗГЕШЕ ЖАСАЛҒАН. ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАУ ҮШІН» деген сөздердің мәні осында.

Сапамыздың өлшемі қандай? Сіздің сеніміңіз.

BMW руліндегі алғашқы сапар — ерекше сәт. Біз оның қауіпсіз болуын да ойлаймыз. Сондықтан біз ешқашан бір ғана сынақ орнымен немесе әдісімен шектелмейміз. Сізге жеткенге дейін әрбір BMW 30-дан астам елдің сынақ трассаларында — аяздағы мұз басқан жолдардан бастап аптап ыстық пен күрделі жер бедеріне дейінгі жағдайларда сыналады. Жалпы алғанда — 1,8 миллион шақырымдық сынақ. Ұзындығы 100 метрге жуық, ауа ағынының жылдамдығы 250 км/сағ-қа жететін әлемдегі ең үлкен тік акустикалық аэродинамикалық құбырда инженерлеріміз ең бәсең аэродинамикалық шудың өзін ажыратып, жайлылық пен тиімділікті арттыру үшін автомобильді айнала өтетін ауа ағынын дәл реттей алады. Мұның бәрі бір мақсатқа қызмет етеді: әр сапарда сенім арта алатын сапаны қамтамасыз ету.

0:00
0:00 /  0:00
Суретте краш-тесттен кейін деформацияланған, сары-қара таңбалары бар автомобиль шанағының цифрлық моделі көрсетілген.

Цифрлық ортада модельденген. Нақты жағдайларда сыналған.

BMW — гибридті омологация аясында физикалық краш-тесттердің бір бөлігін тексерілген виртуалды модельдермен алмастырған алғашқы автомобиль өндірушісі. Озық компьютерлік модельдеу нақты краш-тесттермен ұштасады — 2005 жылдан бері олардың 10 000-ға жуығы өткізілді. Өйткені қауіпсіздік мәселесінде жолдағы тәжірибе зертханалық деректер сияқты маңызды. Біз ешнәрсені кездейсоқтыққа қалдырмаймыз.

Қайда барсаңыз да, біз жаныңыздан табыламыз.

Біз сізге жай ғана автомобиль табыстамаймыз. Біз сізге уәде береміз. BMW руліне алғаш отырған сәтіңізден кейін де ұзақ жылдар бойы жаныңызда болуға. Дүние жүзі бойынша 4 000-ға жуық BMW орталығы және 120 000-нан астам сертификатталған сервис маманы — көмек әрдайым жақын. Жеделдік маңызды болғанда — цифрлық шешімдер. Қамқорлық маңызды болғанда — жеке көңіл бөлу. Кейде сіз көмегіміздің қажет екенін түсінбей тұрып-ақ, біз сізге қамқорлық жасай бастаймыз. Proactive Care қызметі бар BMW сервисі ықтимал ақауларды алдын ала анықтау үшін деректерді зияткерлік талдау мен болжамдық технологияларды қолданады.

0:00
0:00 /  0:00

Үздік технологиялар сіз үшін жасалған.

Сіздің BMW көлігіңіз тек жолдағы жағдайға ғана жауап бермейді. Ол сізге де бейімделеді. Әрбір зияткерлік жүйе автомобильді басқаруды табиғи әрі жеңіл етуге және онымен өзара байланысыңызды нығайтуға арналған. Салонда барлығы жүргізушіге бейімделіп ойластырылған. BMW Panoramic Vision негізгі ақпаратты тікелей табиғи көру аймағыңызға шығарады, сондықтан назарыңыз қажет жерде — жолда қалады. Жиі қолданылатын функциялар әрдайым қолжетімді. BMW Symbiotic Drive көмегімен технологиялар сізбен бірқалыпты әрі интуитивті түрде әрекеттеседі. Бұл әлі бәрі емес. BMW Heart of Joy бірыңғай жоғары өнімді орталық басқару блогы арқылы үдеуді, тежеуді және рөлмен басқаруды миллисекундтар ішінде үйлестіреді. BMW көлігіңіздің барлық жүйесі үйлесімді жұмыс істеп, автомобильдің біртұтас әрекет етуін қамтамасыз етеді.

0:00
0:00 /  0:00
Суретте адам BMW көлігінің цифрлық аспаптар панеліне қарап отыр, ал BMW Intelligent Personal Assistant интуитивті дауыспен басқаруды қамтамасыз етеді.

Цифрлық технологиялар. Интуитивтілік. Жүргізушіге бағдарлану.

BMW Intelligent Personal Assistant көмегімен пәрмендерді есте сақтаудың қажеті жоқ. Бағыт құруды сұраңыз. Баптауды өзгертіңіз. Бірнеше сұрауды бір сөйлемге біріктіріңіз. Ол мәнмәтінді түсінеді, уақыт өте қалауларыңызды есте сақтайды, тіпті қай кезде үндемеген дұрыс екенін де біледі. Ол сізді неғұрлым жақсы таныса, соғұрлым аз сөйлеуіңізге болады.

0:00
0:00 /  0:00

Табиғи сезілетін көмек.

BMW жүргізушіге көмек көрсету жүйелері 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізушілерге жолдағы жағдайды бағдарлауға көмектесіп келеді. Датчиктер мен озық жасанды интеллект айналадағы жағдайды үздіксіз бақылап, өз бетіңізше жүргізуден көмекші жүйелердің қолдауымен жүруге бірқалыпты ауысуды қамтамасыз етеді. Көмек қажет кезде көрсетіледі. Ал өзіңіз басқара алғанда, араласпайды. Өйткені үздік технологиялар назарыңызды көлік жүргізуден бөлмейді. Олар әр сапарды жеңіл, жайлы әрі жағымды етеді.

Автомобиль жасау — бір бөлек. Біз сезім сыйлаймыз.

Бізді не шабыттандыратыны маңызды емес. Сізді не шабыттандыратыны маңызды. Кейбір автомобильдер сізді жай ғана А нүктесінен Б нүктесіне жеткізеді. Ал BMW үйге қайтар жолдың ұзағырақ болғанын қалатады. Акселератор педалін басқан сәтте-ақ автомобильмен біртұтас екеніңізді сезінесіз. Басқару интуитивті бола түседі. Бір бұрылыс келесісіне бірқалыпты ұласады. Әрбір жауап қимылы — лезде, табиғи, жанды. Сіз көлік жүргізу туралы ойланбайсыз. Одан жай ғана ләззат аласыз. Иә, BMW инженерлері әр бөлшекті, әр миллисекундты, әр миллиметрді жылдар бойы жетілдіріп, бәрін кемеліне жеткізеді. Бірақ мұның бәрі қағаз жүзінде қалу үшін жасалмайды. Сезімге айналу үшін жасалады. Автомобиль сізді түсінетіндей сезімге. Ол сізбен бір ырғақта қозғалып, еш себепсіз жүзіңізге күлкі ұялатады. Кейде бұл — толық бақылау сыйлайтын байсалды сенімділік. Ал кейде — шұғыл бұрылыста еріксіз ақырын айтылған «Иә!». Кейде — жүруді жоспарламаған жолда уақыттың қалай өткенін байқамай қалу. BMW-ның ерекше әсер сыйлауының сыры осында. Тек қуат қана емес. Тек дәлдік қана емес. Сапар аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы сізбен бірге қалатын рөлдегі ләззат.

0:00
0:00 /  0:00

Дизайн өзгереді. Мінез қалады.

«Өзгеше жасалған» дегеніміз — BMW орнында тұрғанда ғана көз тарту үшін жасалмаған. Ол рөлге отырмай тұрып-ақ, алғашқы көзқарастан эмоция сыйлау үшін жасалған. BMW ұрпақтан ұрпаққа өзіне тән бөлшектері арқылы бірден танылады: алғаш рет 1933 жылы ұсынылған қос «бүйрек» пішінді фирмалық радиатор торы және одан шамамен 30 жыл кейін пайда болған Хофмайстер иілімі. Ондаған жылдар бойы бұл элементтер көптеген басқа бөлшектермен бірге жетіліп отырды. Өйткені технологиялар өзгереді, дизайн дамиды, ал мінез қалады. Бұл экстерьерге де, интерьерге де қатысты. BMW-де бәрі сізге бейімделіп жасалған. Әрбір дисплей. Әрбір бөлшек. Бәрі сізге бейімделіп жасалған. Қажет нәрсенің бәрі дәл керек жерде. Ал артық ештеңе назарыңызды бөлмейді. Рөлдегі кеңістік сіз үшін маңызды нәрселерді ескере отырып ойластырылған, сондықтан басқару интуитивті, ал автомобильмен әрекеттесу табиғи сезіледі. Артық ештеңе жоқ. Ешқандай қиындық жоқ. Тек айқындық, әр бөлшектің мұқият ойластырылуы және бірден танылатын BMW стилі. BMW-ның ерекшелігі тек өзіндік дизайн тілінде емес. Сіз сияқты, оның да өз даралығы бар. Түптеп келгенде, бәрін айқындайтын — мінез. 

0:00
0:00 /  0:00

Барлық BMW модельдерімен танысыңыз.

BMW модельдерінің толық қатарымен танысып, қалауларыңыз бен қажеттіліктеріңізге мінсіз сай келетін автомобильді табыңыз.

Заңды ақпарат.

BMW M3 Competition Sedan with M xDrive: WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 10,2–10,1; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 230–227

BMW iX3 50 xDrive: WLTP аралас цикліндегі электр энергиясын тұтыну, кВт·сағ/100 км: 17,9–15,1электр тарту күшімен жүріс қоры (WLTP), км: 679–805

BMW X5 40 xDrive WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 9,3 – 8,6; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 213 – 196

BMW 740 xDrive Sedan WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 9,3 – 8,3; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 211 – 189