Веб-сайтқа қолжетімділік шектеулі

Сіздің cookie файлдарын қолдануға берген рұқсатыңызды басқаруға арналған біздің құралымыз уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір функциялар қолжетімсіз.

BMW көлігінің рулінде отырған адам BMW Drive Recorder жүйесінде бейнежазбаны таңдап жатыр — графикалық элементтері бар бейне.

BMW ConnectedDrive сервистері.

BMW автокөлігіңіздегі цифрлық шешімдер. Инновациялық өнім мен қосылған сервистердің арқасында керемет әсерлеріңізден ляззат алыңыз.

Бағдарламалық жасақтаманы тұрақты түрде жаңарып тұратындықтан, көрсетілген индикация түрі автокөлігіңізде берілген түрден өзгешеленуі мүмкін.

BMW ConnectedDrive артықшылықтары.

BMW көлігінде отырған адам планшетті пайдаланып жатыр

Цифрлық форматта одан да көп әсер алыңыз.

BMW ConnectedDrive әртүрлі цифрлық сервистерді біріктіріп, көлік жүргізуден ерекше әсер алуды ұсынады. Олар автокөлікті басқаруды жеңілдетеді және жайлылық деңгейін арттырады.

BMW ConnectedDrive-тың негізгі ерекшеліктері.

BMW автокөлігін сатып алған соң BMW ID алу үшін тіркелу арқылы өзіңіздің қажеттіліктеріңізді ескере отырып жасалған және одан да көп көлік жүргізу тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін таңдаулы BMW ConnectedDrive сервистеріне қол жеткізе аласыз. Сіздің автокөлігіңіз иеленген артықшылықтарды бағалаңыз.

Таңдауға арналған әртүрлі функциялары бар BMW орталық дисплейі

BMW ConnectedDrive Upgrades.

BMW көлігіңізді қажет болған кезде жаңа мүмкіндіктермен – кең жаңарту мүмкіндіктерімен және заманауи BMW ConnectedDrive¹ цифрлық шешімдерімен толықтырыңыз.¹

BMW Digital Premium пакеті.

Бір пакет, көптеген функциялар. Осы кешенді қызметтер пакеті арқылы сіз Security Assistant қауіпсіздік жүйесінің жаңа функциясының артықшылықтарын, ең үздік навигацияны және алдын ала төленген деректер көлемін қамтитын кең ауқымды ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалана аласыз.¹

Күшейтілген қауіпсіздік.

Security Assistant қауіпсіздік жүйесі сіз болмаған кезде немесе ұрлап әкету әрекеті кезінде автокөліктің зақымданғанын тіркейді және сізге хабарлайды.

Навигацияның кеңейтілген мүмкіндіктері.

Жол қозғалысы туралы нақты уақыт режиміндегі ақпарат, ғимараттардың үш өлшемді көрінісі және бағытты егжей-тегжейлі қадағалау.

Бұрынғыдан да көп ойын-сауық.

Алдын ала төленген деректер көлемі бар бейне ағыны мен ойындар күту уақытын жағымды өткізуге мүмкіндік береді.

BMW M арналған қосымшалар.

Автокөлік туралы қосымша деректерді көрсетіңіз, үдеу уақытын өлшеңіз және әсерлі бейне материалды тамашалаңыз — тек M модельдеріне немесе M Sport пакеті бар автокөліктеріне ғана арналған.

Икемді тапсырыс беру процесі.

Сіз функциялар мен сервистерден кез келген уақытта бас тарта аласыз, сондай-ақ әрқайсысын пайдалану мерзімін бір айдан бір жылға дейін белгілей аласыз.

BMW Digital Premium пакеті. Кез келген жағдайға сай келетін сервис.

My BMW-ден тұрақта соқтығысу туралы  хабарлама алған смартфон. Артқы жағында супермаркет арбасының тұрақта тұрған BMW көлігіне соғылуын имитациялау көрінісі

Дереу хабарландыру. BMW Security Assistant қауіпсіздік жүйесі.

Security Assistant жүйесі сіз жоқ кезде де автокөлікті толық бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Датчиктер сіз жоқ кезде автокөліктің зақымданғанын немесе ұрлау әрекетін тіркеп, бұл туралы сізге хабарлайды, ал камералар болып жатқанның бәрін жазып алады.²

Адам орталық дисплейдегі картаға қарап отыр

BMW Maps сервисі бар жақсартылған навигация.

Көбірек функциялардың арқасында жолда көп ақпарат ала аласыз. Егжей-тегжейлі үш өлшемді көріністер, қозғалыс деректері туралы нақты уақыт режиміндегі деректер және басқа да мүмкіндіктер сапар кезінде бағдар алуға көмектеседі.

Дербес жабдықтар мен қызметтерге тапсырыс беріңіз.

Әрдайым бәрінен хабардар болып жүріңіз және жолда барынша ақпаратты пайдаланыңыз. BMW ConnectedDrive қосымша ыңғайлылық пен қауіпсіздік үшін цифрлық өміріңізді автокөлігіңізге тасымалдауға мүмкіндік береді. Жүргізушіге көмек көрсетудің интеллектуалды жүйелері күнделікті сапарларды жеңілдетеді.

Адам BMW көлігінде отырып, смартфоны арқылы бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды іске қосып жатыр

Бағдарламалық жасақтаманы тегін жаңарту арқасында BMW көлігіңіз үнемі жетілдіріліп отырады.

BMW көлігіңіздің бағдарламалық жасақтамасын үнемі жаңарту арқылы өзекті күйде ұстаңыз. Бұл жаңарту оның сапасын жақсартуға, бар мүмкіндіктерді кеңейтуге және жаңа функцияларды қосуға мүмкіндік береді.

BMW автокөлігіңіздің бағдарламалық қамсыздандыруын қалай жаңарту керек.

Бағдарламалық жасақтаманың жаңа жаңартуы шыққаннан кейін ол автоматты түрде смартфоныңызға жүктеледі, бұл жерден жаңартуды автокөлікке оңай жіберуге болады. Содан кейін орнату процесін қосымша арқылы қашықтан немесе тікелей автокөлікте отырып іске қосу қажет. Шамамен 20 минуттан кейін BMW көлігіңізде бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасы болады.

Бағдарламалық жасақтаманың жаңарту ерекшеліктері.

BMW көлігіңіз үшін қолжетімді контентті белгілі бір модельдің сипаттамасында немесе My BMW қосымшасында табуға болады. Жаңарту нұсқалары мен контент елге, автокөліктің моделіне, жинақтамасына және автокөліктің жағдайына байланысты әртүрлі болады. 

BMW қосымшалары бұрынғыдан да көбейе түсті. Көлік жүргізу бұрынғыдан да рақат бола түсті.

BMW қосымшалары – бұл көптеген ұтымды функциялық мен сервистер. BMW интеллектуалды қызметтері автокөлікке қосылуға және күнделікті сапарларды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

BMW ConnectedDrive туралы жиі қойылатын сұрақтар.

Заңи ақпарат.

Бағдарламалық жасақтаманы тұрақты түрде жаңарып тұратындықтан, көрсетілген индикация түрі автокөлігіңізде берілген түрден өзгешеленуі мүмкін.

 

¹ Пакеттің құрамы, талаптары мен қолжетімділігі нақты модельдерге, жабдықталу нұсқаларына және елге байланысты.
² Бейнежазба мен ұрлап әкету әрекеттері туралы хабарламалар үшін қосымша дабыл жүйесі қажет.
³ BMW Digital Premium пакетіне кірмейтін кейбір басқа жеткізушілердің қосымшалары үшін жазылым қажет болуы мүмкін.
⁴ Wi-Fi арқылы немесе ұялы телефонды модем ретінде пайдаланып, стандартты цифрлық жабдықпен қолжетімді.
⁵ M модельдері мен M Sport қосалқы пакеті бар BMW үшін қолжетімді.
⁶ Функция BMW Digital Premium пакетіне қосылған, оған бөлек тапсырыс беруге болады.
⁷ BMW 9 операциялық жүйесі бар автокөліктерге қолжетімді.
⁸ BMW 8.5 операциялық жүйесі бар автокөліктерге қолжетімді.