BMW X1 xDrive23i: WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 6.7–6.3; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары , г/км: 152–143
Көлік жүргізу рақаты.
Мінсіз қала автокөлігі ретінде де, спорттық спринтер ретінде де әмбебап. Ымыраға келгісі келмейтін жүргізугілерге арналған. BMW X1 және қосылатын BMW X1 гибриді стильдің, жайлылықтың және қуаттылықтың мінсіз теңгерімімен қамтамасыз етеді. BMW X1 және қосылатын BMW X1 гибридінің барлық нұсқасымен, оларды жабдықтау нұсқаларымен және техникалық сипаттамаларымен, сондай-ақ лизингке және кредитке алудың түрлі мүмкіндіктерімен танысып шығыңыз.
Модельдер мен техникалық сипаттамалары.
-
Модельдері
-
Бензин • Дизель
-
|
BMW X1 xDrive23i
|
|
|---|---|
|
Қуаты1 |
160 кВт (218 а.к.) |
|
0–100 км/сағ |
7.1 с |
|
Макс. жылдамдығы |
233 км/сағ |
BMW X1 xDrive23i: WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 6.7–6.3; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары , г/км: 152–143
Сіздің BMW X1.
Барлық уақытқа арналған дизайн.
Дизайны сондай әмбебап: BMW X1-ді бірден мүлтіксіз танисыз. Әсерлі, радиатордың тік дерлік қос торы және жіңішке жарықдиодты фаралары алдынан қарағанда ұмытлмас әсер қалдырады. Бүйірінен тік пропорцияларымен массивті беттері әсер береді. Төбенің ұзартылған жиегі сұлбаның бірқалыпты сызықтарын айқындап тұр. Артқы бөліктің заманауи дизайны L-тәрізді артқы үш өлшемді шамдардың арқасында баурап тұр. Бұл автокөлік кез келген шытырманға жарайды.
Бүйірінен қарағандағы Х аңызға айналған стилі.
Жарық пен көлеңке ойыны. Ірі, шаршы сияқты дөңгелек доғалар. Жолдағы әсерлі биіктік. BMW X1 бүйірінен қарағанда бір уақытта сұрапыл әрі талғампаз көрінеді.
Идеяларыңызға арналған көп кеңістік.
BMW X1 салонын жабдықтаудағы минималистік көзқарас ең маңыздысы үшін кеңістікті сақтауға көмектеседі. Жақтаусыз иілген кең дисплейдің арқасында маңызды ақпарат әрқашан назар ортасында. Сәндік хромдалған ендірмелер есік панельдерінде жалғаса отырып, дисплейлерге жақтау болып тұр. Жоғары сапалы контраст тігіс сияқты бөлшектермен үйлесе отырып, кез келген BMW X автокөлігіне тән байыптылық пен күш атмосферасы жасалады.
Кокпиттегі түйсікпен түсінікті басқару органдары.
Дауыс немесе түрту? BMW X1-мен қалай әрекеттесуді өзіңіз шешесіз. BMW Curved Display иілген дисплейінде ең маңыздысын бірден көре аласыз.
Басқа ерекшеліктері.
BMW X1 xDrive30e 5: WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 0.9–0.86; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 21–18; WLTP аралас цикліндегі электр энергиясын тұтыну, кВт·сағ/100 км: 18.1–16.9; WLTP аралас цикліндегі электр тарту күшімен жүріс қоры, км: 76–83
5 Жүріс қоры әртүрлі факторларға байланысты: оларға, атап айтқанда, дербес көлік жүргізу стилі, жол жағдайлары, сыртқы температура, жылыту жүйесін немесе кондиционерді пайдалану, алдын ала ауаны баптау жатады.
Қарапайым зарядтау. Кез келген уақытта.
Үйде немесе Еуропадағы ең кең тараған зарядтау станциялары желісінің арқасында жолда тез әрі қарапайым түрде зарядтаңыз. Сізге қажет нәрсенің бәрі жинақпен бірге келедіBMW X1 xDrive30e.
Сіздің ақылды көмекшіңіз.
BMW X1 арналған Proactive Care жүйесі.
Сервис – дәл Сізге қажет болған уақытта.
Әрдайым бір қадам алда. Техникалық қызмет көрсету мерзімінің басталуы немесе шиналардың тозуы орын алсын, Сізге уақтылы хабарласамыз. My BMW қосымшасында хабарлама жіберу арқылы сервиске келу мерзімін өзіңіз таңдайсыз. Содан кейін Сіз көңіліңіз жайланып, сапарыңызды жалғастыра аласыз.
BMW X3 туралы жиі қойылатын сұрақтар.
Отын шығыны және CO2 шығарындылары.
BMW X1 sDrive18i: WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 7,1 - 6,3; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 159-143
BMW X1 xDrive30e ⁴: WLTP аралас цикліндегі энергия тұтыну, л/100 км: 0.9–0.8⁵; WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 21–18; WLTP аралас цикліндегі электр энергиясын тұтыну, кВт·сағ/100 км: 18.1–16.9; WLTP аралас цикліндегі электр тарту күшімен жүріс қоры, км: 76–83
¹ Қосылатын гибрид үшін: Электр күш қондырғысын пайдалану мүмкіндігі аккумулятор батареясы зарядының деңгейіне байланысты болады.
² осылатын гибрид үшін: сыртқы ауа температурасы теріс болғанда, электрлік жетек тек бірнеше километр жүрген соң, аккумулятор батареясы қажетті жұмыс температурасына дейін қызғанда ғана қолжетімді болады.
³ Ішкі жану қозғалтқышының қуаты 110 кВт және электр қозғалтқышының қуаты 130 кВт қосындысынан тұрады. Электрлік жетек, аккумулятор батареясының заряд деңгейіне байланысты.
² Жүріс қоры әртүрлі факторларға байланысты: оларға, атап айтқанда, дербес көлік жүргізу стилі, жол жағдайлары, сыртқы температура, жылыту жүйесін немесе кондиционерді пайдалану, алдын ала ауаны баптау жатады.
¹ Қосылатын гибрид үшін: аралас циклде, орташа (EC AC Charge Weighted)
Отын шығыны, CO2 шығарындылары, энергияны тұтыну және жүріс қоры туралы ресми деректер Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасына сәйкес келетін, алдын ала жазылған өлшеу үрдісіне сәйкес анықталған. WLTP циклі үшін анықталған және диапазондар түрінде көрсетілген деректерде қолжетімді (бұл жағдайда Германия нарығында ұсынылатын) қосымша жабдық ескеріледі. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап типі бойынша жаңа мақұлдау алған автокөліктер үшін WLTP цикліне сәйкес ресми деректер ғана бар. Бұған қоса ЕО 2022/195 директивасына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап NEDC циклі бойынша деректер сәйкестік сертификатынан алынып тасталады. NEDC және WLTP бойынша өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпарат www.bmw.com/wltp сайтында берілген