Жай кілт емес.
Мобильді құрылғылармен BMW автокөлігіңіздің есігін ашып, қозғалтқышты қосыңыз және мәтіндік хабарламалар арқылы басқа адамдармен кіру рұқсатын оңай бөлісіңіз. BMW Digital Key¹ цифрлық кілті автокөлікті пайдалану қолайлылығын әрі оңайлығын арттырады.
BMW Digital Key цифрлық кілтін пайдалану оп-оңай.
Сонымен қоса қауіпсіз әрі ыңғайлы. BMW Digital Key цифрлық кілті автокөлікті нақты кілтсіз ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол басқа да бірқатар функцияларды атқарады. Бұл бір, екі дегенше оңай іске қосылатын кілт!¹
1. Үйлесімділікті тексеріңіз.
BMW автокөлігіңіз және мобильді құрылғылардың BMW Digital Key цифрлық кілтін пайдалану талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
2. Іске қосу картасынан бастаңыз.
Іске қосу картасын смартфонға жақындатыңыз немесе оның сыртқы бетіндегі QR-кодты сканерлеңіз. My BMW қосымшасын жүктеп, өз BMW ID-іңізді жасаңыз.
3 Профиль ашуды іске қосу картасымен растаңыз.
Іске қосу картасын смартфонға тағы бір рет әкеліп, құрылғыны BMW-мен жұптастыруды бастау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. BMW Digital Key цифрлық кілтін іске қосыңыз.
BMW автокөлігіңізге нақты кілтпен отырыңыз және смартфонның «Әмиян» қосымшасында цифрлық кілтті іске қосыңыз.
Дербестендірілген сәлемдесу және жеке бақылау.
BMW автокөлігіңізге жақындаған кезде ол сізге жауап береді. Әртүрлі функцияларды қалауыңызға қарай басқарыңыз: смартфондағы немесе смарт-сағаттағы My BMW / «Әмиян» қосымшасын пайдалану.
Ішінен де, сыртынан да дербестендірілген сәлемдесу
Сіздің BMW автокөлігіңіз сіз жақындаған бойда сәлемдеседі. Ол жарық аспаптарын іске қосады, сәлемдесу анимациясын іске қосады және есікті ашады. Рульге отырған сәтте сіздің жеке профиліңіздің BMW ID баптаулары жүктеледі.
Кімнің және қандай функцияларды қолдана алатынын өзіңіз шешесіз.
Әр пайдаланушы үшін BMW Digital Key цифрлық кілтін дербестендіріңіз. Модельге және қолданылатын құрылғыға байланысты қолжетімділік құқықтары мен кілт функцияларын икемді түрде реттеуге болады. Сіз қандай мүмкіндіктер жиынтығын ұсынуды өзіңіз шешесіз: толық немесе шектеулі. Мысалы, сіз цифрлық кілтті көлік жүргізу тәжірибесі аз адамға берген кезде жылдамдықты үдетудің қарқындылығы мен максималды жылдамдығын шектей аласыз.
Көбірек функцияны пайдаланыңыз. Қосымшаны, смартфонды немесе дауыстық командаларды пайдалану.
BMW Digital Key Plus цифрлық кілті және Remote Control Parking тұрақ процесін қашықтан басқару функциясы тар автотұрақтарға кіруге және автокөліктің жанында болған кезде де шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар My BMW қосымшасы арқылы жүксалғыштың есігін қашықтан ашуға және жабуға болады. Сондай-ақ сіз ең маңызды функцияларды iPhone телефоныңыздың «Әмиян» қосымшасы немесе Apple Watch арқылы дауыстық командалармен басқара аласыз.
Барлық жағдайларға арналған сервис картасы.
Сіздің BMW-ыңыз автокөлік жөндеу шеберханасында ма, сіз тұрақ қызметін пайдаланасыз ба немесе күтпеген жерден бұзылып қалды ма? Сервис картасын қосымша кілт ретінде пайдаланыңыз. Мұндай жағдайларда әрқашан автокөлікте іске қосылмаған картаны сақтаңыз. Қажет болған кезде оны смартфонға арналған ұяшыққа қойып, іске қосып аласыз. Іске қосу үшін тек сіздің келісіміңіз ғана қажет болады. Бұл жағдайда интернет желісіне қосылу талап етілмейді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қосымша цифрлық сервистер туралы ақпарат
¹ Осы бетте көрсетілген барлық функциялар тек BMW Digital Key Plus цифрлық кілтімен ғана толық көлемде қолжетімді болады. BMW Digital Key цифрлық кілті жұмыс істеу принципі автокөлікке жақындаған кезде мобильді құрылғыны автоматты түрде тануы қажет емес функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді. Іске қосу картасын пайдаланып цифрлық кілтті орнатудың жаңа процесі 2025 жылдың шілдесінен бастап көптеген BMW модельдерінде қолжетімді болады. Модельге байланысты цифрлық кілт іске қосылғаннан кейін автокөліктегі профильді автоматты түрде жүктеу 2025 жылдың қараша айына дейін қолжетімді болмауы мүмкін. Цифрлық кілттерді бөлісу барлық смартфондарда мүмкін, бірақ жетілдірілген мүмкіндіктер бастапқыда тек iOS негізіндегі құрылғылар үшін қолжетімді.
² 2025 жылдың сәуірінен бастап тек iOS негізіндегі құрылғыларда қолжетімді. Android қолдауы 2025 жылдың соңында шығарылады.